Мазмұнға өту

Рений

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
75 ВольфрамРенийОсмий
Tc

Re

Bh
Периодическая система элементовСутегіГелийЛитийБериллийБор (элемент)КөміртекАзотОттекФторНеонНатрийМагнийАлюминийКремнийФосфорКүкіртХлорАргонКалийКальцийСкандийТитан (элемент)ВанадийХромМарганецТемірКобальтНикельМысМырышГаллийГерманийКүшәнСеленБромКриптонРубидийСтронцийИттрийЦирконийНиобийМолибденТехнецийРутенийРодийПалладийКүмісКадмийИндийҚалайыСүрмеТеллурИодКсенонЦезийБарийЛантанЦерийПразеодимНеодимПрометийСамарийЕуропийГадолинийТербийДиспрозийГольмийЭрбийТулийИттербийЛютецийГафнийТантал (элемент)ВольфрамРенийОсмийИридийПлатинаАлтынСынапТаллийҚорғасынВисмутПолонийАстатРадонФранцийРадийАктинийТорийПротактинийУранНептунийПлутонийАмерицийКюрийБерклийКалифорнийЭйнштейнийФермийМенделевийНобелийЛоуренсийРезерфордийДубнийСиборгийБорийХассийМейтнерийДармштадтийРентгенийКоперницийНихонийФлеровийМосковийЛиверморийТеннессинОганесон
Периодическая система элементов
75Re
Жай заттың сыртқы бейнесі
күміс сұр түсті металл
Атом қасиеті
Атауы, символ, нөмірі

Рений, 75

Топ типі

Ауыр металдар

Топ, период, блок

7, 6, d

Атомдық масса
(молярлық масса)

186.207(1) м. а. б. (г/моль)

Электрондық конфигурация

[Xe] 6s24f145d5

Қабықшалар бойынша электрондар

2, 8, 18, 32, 13, 2

Атом радиусы

137 пм

Химиялық қасиеттері
Ковалентті радиус

151±7 пм

Ион радиусы

(+7e) 53 (+4e) 72 пм

Электртерістілігі

1,9 (Полинг шкаласы)

Электродты потенциал

Re←Re3+ −0,30 В

Тотығу дәрежелері

−3, −1, 0, +1, +2, +3, +4, +5, +6, +7

Иондалу энергиясы

1-ші: 760 кДж/моль (эВ)
2-ші: 1260 кДж/моль (эВ)
3-ші: 2510 кДж/моль (эВ)

Жай заттың термодинамикалық қасиеттері
Термодинамикалық фаза

Қатты дене

Тығыздық (қ.ж.)

21,02[1] г/см³

Балқу температурасы

3459 K (3186 °C, 5767 °F)[1]

Қайнау температурасы

5869 K (5596 °C, 10105 °F)[1]

Балқу жылуы

34 кДж/моль

Булану жылуы

704 кДж/моль

Молярлық жылусыйымдылық

28,43 Дж/(K·моль)

Молярлық көлем

8,85 см³/моль

Қаныққан бу қысымы
P (Па) 1 10 100 1000 10 000 100 000
T (К) 3303 3614 4009 4500 5127 5954
Жай заттың кристаллдық торы
Тор құрылымы

Алтыбұрышты (тығыз оралған)

Тор параметрлері

a=2,761 c=4,456[2] Å

c/a қатынас

1,614

Дебай температурасы

416,00 K

Басқа да қасиеттері
Жылуөткізгіштік

(300 K) 48,0 Вт/(м·К)

Юнг модульі

463 ГПа

Жылжу модульі

178 ГПа

Пуассон коэффициенті

0.30

Моос қаттылығы

7.0

Виккерс қаттылығы

1350–7850 МПа

Бринеллий қаттылығы

1320–2500 МПа

CAS нөмірі

7440-15-5

Рений Re

Рений[3] (лат. Rhenіum; Re) — элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 75, ат. м. 186,207. Рений – ақшыл сұр түсті, иілгіш металл; тығызд. 21,03 г/см3, балқу t 3180ӘС, қайнау t 5627ӘС, кристалдық торы гексагоналды, тығыз жинақталған. Табиғатта тұрақты 185Re және радиоактивті 185Re (T1/2=1011 жыл) изотоптары бар.

Жер қыртысындағы салмақ мөлш. 7*10-8%. Ренийдің табиғатта бар екендігін 1871 ж. Д.И. Менделеев болжаған, 1925 ж. колумбит минералын зерттеу кезінде ағайынды неміс ғалымдары И. және В.Ноддактар мен О.Берг ашты. Рений атауы Германиядағы Рейн өз-нің лат. аталуынан (Rhenus) шыққан.

Табиғатта молибденитпен бірге кездеседі. Қазақстан ғалымдары Ренийдің жалғыз минералын (Re3Mo3Pb4S16) ашып, оны жезқазғанит деп атады. Тотығу дәрежесі +7-ден —1-ге дейін. Қалыпты температурада тұрақты. 300ӘС-тан жоғары температурада оттекпен оксидтер (ReO3, Re2O7) түзіп әрекеттеседі; F2, Cl2-мен, ал 700 — 800ӘС-та күкірт буымен реакцияға түседі. Рений азот қышқылында, ыстық күкірт қышқылында және сутек асқын тотығында еріп, күшті қышқыл HReO4 түзеді. HReO4 сілтілермен, карбонаттармен және металл оксидтерімен әрекеттесіп, суда ерігіштігімен ерекшеленетін перренаттар алынады.

Таза Ренийді — 500 — 800ӘС-та тех. металдан алынатын Re2O7 немесе ReF6 қосылыстарын тотықсыздандыру арқылы және молибден кендерінен алады. Ренийдің вольфраммен қорытпасы электр шамы мен электр вакуумдық аспаптардың қыздырғыш сымдарын, баяу балқитын қорытпасы ұшақ пен зымыран тетіктерін жасауда және катализатор ретінде қолданылады.

Ренийдің бірқатар физикалық қасиеттері бойынша VI топтағы баяу балқитын металдарға (молибден, вольфрам), сондай-ақ платина тобындағы металдарға жақындайды. Ренийдің балқу температурасы бойынша металдар арасында екінші орынды алады, тек вольфрамнан, ал тығыздығы бойынша — төртіншіден (осмийден, иридийден және платинадан кейін). Қайнау температурасы бойынша химиялық элементтер арасында бірінші орында тұр (5869 вольфрам 5828 салыстырғанда)

Химиялық қасиеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ықшам рений қалыпты температурада ауада тұрақты. 300°С жоғары температурада металдың тотығуы байқалады, 600°С жоғары температурада қарқынды тотығу жүреді. Рений вольфрамға қарағанда тотығуға төзімді, азотпен және сутекпен тікелей әрекеттеспейді; рений ұнтағы сутекті ғана сіңіреді. Қыздырған кезде рений фтормен, хлормен және броммен әрекеттеседі. Рений тұз және фторлы қышқылдарда дерлік ерімейді және күкірт қышқылымен қыздырғанда да әлсіз әрекеттеседі, бірақ азот қышқылында оңай ериді. Рений сынаппен амальгама түзеді.

Рений сутегі асқын тотығының сулы ерітінділерімен әрекеттесіп, рен қышқылын түзеді.


  1. a b c Rhenium: physical properties  (ағыл.). WebElements. Тексерілді, 17 тамыз 2013.
  2. Rhenium: crystal structure  (ағыл.). WebElements. Тексерілді, 17 тамыз 2013.
  3. Қазақша энциклопедия 7 том.