Мазмұнға өту

Электрондық конфигурация

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Электрондық конфигурация — химиялық элемент атомының немесе молекуланың әртүрлі электронды қабықшаларында электрондардың орналасу формуласы.

Электрондық конфигурация әдетте атомдар үшін олардың негізгі күйінде жазылады. Элементтің электрондық конфигурациясын анықтау үшін келесі ережелер бар:

  1. Толтыру принципі. Толтыру принципіне сәйкес атомның негізгі күйіндегі электрондар орбитальдарды орбиталық энергия деңгейлерінің жоғарылау ретімен толтырады. Энергиясы төмен орбитальдар әрқашан бірінші болып толтырылады.
  2. Паули принципі. Осы қағидаға сәйкес бір атомдағы екі электронның төрт кванттық санның мәндері бірдей бола алмайды.
  3. Хунд ережесі. Осы ережеге сәйкес, бір ішкі қабықтың орбитальдарын толтыру параллель (белгісі бірдей) спиндері бар жалғыз электрондардан басталады және жалғыз электрондар барлық орбитальдарды алғаннан кейін ғана орбитальдарды қарама-қарсы спиндері бар электрондар жұбымен түпкілікті толтыру мүмкін болады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. С. А. Щукарев. О строении вещества. Природа, 1922, № 6-7, 20-39