Шортанды (көл)
Шортанды | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 397,5 м |
Өлшемі | 7,2 × 3,7 км |
Ауданы | 18,6 км² |
Орташа тереңдігі | 14,1 м |
Орналасуы | |
52°58′56″ с. е. 70°12′32″ ш. б. / 52.98222° с. е. 70.20889° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°58′56″ с. е. 70°12′32″ ш. б. / 52.98222° с. е. 70.20889° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы |
Шортанды – Ақмола облысы Щучинск қалалық әкімдігі аумағындағы көл. Щучинск қаласынан солтүстікте 2,5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 397,5 м.
Гидрографикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауданы 18,6 км2, ұзындығы 7,2 км, ең енді жері 3,7 км, орташа тереңдігі 14,1 м. Көл аласа төбелер арасындағы аңғар тәрізді қазаншұңқырда жатыр. Жағалауы шығысында жатық, құмды. Төбенің бедері кедір-бұдыр, негізінен лайлы, оңтүстік-батыс бөлігі құмтасты. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде тастақты келген 3, солтүстік батысында бір арал бар. Алабы төбелі ұсақ шоқылардан тұрады, қарағай орманды.
1920 жылға дейін Қылшақты өзені ағып шығатын көл қазіргі күнде деңгейі төмендеуіне байланысты ағынсыз. Жауын-шашын, жер астынан шыққан көптеген бұлақтар суымен толығады. Суының минералдылығы 300 – 600 мг/л. Суын Щучинск қаласы пайдаланады. Балық ауланады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том