Мазмұнға өту

Портал:Құстар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Портал Жоба Талқылау Қатысушылар

Құстар порталы


Құстар
Құстар


Кіріспе

Құстар (лат. Aves) — омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құс – дене тұрқы әртүрi, мамықты, қанатты, ұшып жүрiп тiршiлiк ететiн, етi, жүнi пайдалы жәндiк. Сулы жерлердi, орман-тоғайды, далалықты, тау бөктерлерiн мекендейтiн жабайы және қолда ұстайтын асыранды түрлерi бар. Жыл құстары көктем туа келiп ұя салады, жұмыртқалап балапан басады, қанаттанған сон қоңыр күзде, қыс түсе жылы жаққа қонысаударады. Құстар генетикалық жағынан рептилияларға жақын, оның прогрессивті бұтағы. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса түрі бар.

Таңдаулы мақала

Бүркіт — (лат. Aquila chrysaetos) — сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1—2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі.

Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы (30—35 см) ұшқан кезде "ұшып бара жатқан қанатқа" ұқсайды. Ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Латынша "алтын қыран" деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі ретінде 200 жыл бұрын берілген. Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең түсті, төменгі жақтары ақшылдау болады. Ұясын ағаштарға, құзжартастардың басына, ал далалы жерде — жерге салады. Өте жақсы ұшырады, жерде жақсы жүреді, жүгіре алады. Жемтігін ұстаған кезде, жартылай ашылған қанатымен ұстайды. Ұсақ және орташа сүтқоректілерді және құстарды ұстайды. Қазақстанда ормансыз және шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі, бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді.

Толығырақ...

Таңдаулы сурет

Лорилер (лат. Loriinae) - тотықұс тұкымдасы. Эвкалипт ағаштары гүлдерінен гүл тозаңымен шырындарын жинауға бейімделген.

Жақсы мақала

Дыркептер (лат. Columba palumbus) – кептерлер тұқымдасына жататын құс. Денесінің тұрқы 39 – 44 см, салм. 500 г-дай. Денесінің пішіні жағынан түркептерге ұқсас: денесі созылыңқы, құйрығы мен мойны біршама ұзын, басының екі жағында ақшыл жақша тәрізді таңбасы бар. Түсі сұрғылт көкшіл, кеудесі қызғылт сұр, ұшқан кезде қанатындағы ақ дақтары жақсы көрінеді. Қазақстанда Жайық өз-нің аңғарында ұялайды. Жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, қылқан жапырақты және аралас ормандардағы ағаштарға ұя салады. Ұясында 2 жұмыртқасын аталығы мен аналығы кезектесіп, 17 – 18 күнде басып шығарады. Балапандарын екеуі ұяда 20 күндей қоректендіреді. Балапандары ұшқаннан кейін де, түнде ұяларына қайта оралады. Өте сақ құс. Шыршаның, үйеңкінің, астық тұқымдас өсімдіктердің тұқымдарымен, жеміс ағаштарының жидектерімен, жапырақтарымен қоректенеді. Кейде аздап моллюскілерді, жұлдызқұрттарды және ұсақ омыртқасыздарды да жейді. Д. спорттық әуесқойлық жолмен көп ауланады.

Мақалалар

Таңдаулы тұлға

Джордж Эдвардс (ағылш. George Edwards; 3 сәуір 169423 шілде 1773) — британ табиғат зерттеушісі мен орнитологі, «британ орнитологиясының атасы».

Эдвардс Эссекстегі Страдфорд (Лондон) қаласында дүниеге келген. Лондонда көпесте жеті жылдық оқуынан кейін (1716 жылға дейін), ол барлық Еуропа континентін айналып, табиғаттануды зерттеген, және өзінің жануарлар иллюстрацияларымен (әсіресе құстардың) танымал болды. Ол ғалым-табиғат зерттеуші Марк Кейтсбиден өңделу техникасын үйренді.

1743 жылы ол өзінің «A Natural History of Birds» еңбегінің бірінші томын шығарады, ал 1751 жылы төртінші томын жазды. «Gleanings of Natural History» (қосымшалармен бірге) еңбегінің үш томы 1758 және 1764 жылдар аралығанда жарық көрді. Екі шығармалары бірге 600-ден жуық гравюралар мен табиғаттану ғылымының субъектілер сипаттаулардан құрылған.

Санаттар


Жобалар

Уикиқор Уикисөздік Уикитека Уикидәйек

Бұл порталды толықтырып, Уикипедияға көмектесуге шағырымыз. Жобаның қатысушылары

Туыстас порталдар

Портал:Мысықтар
Портал:Мысықтар
Портал:Адам
Портал:Адам
Портал:Иттер
Портал:Иттер
Мысықтар Адам Иттер