Мазмұнға өту

Жұмыс бекеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жұмыс бекеті (Рабочая станция; work station) — 1) желіге қосылған дербес компьютер. Пайдаланушы желі арқылы, оның ресурстарына қатынас құруға мүмкіндік алады. Мысалы, Windows NT Workstation жүйесі орындалатын есептеуіш машина жұмыс бекеті деп, ал Windows NT Server орындалатын есептеуіш машина сервер деп аталады. Екіден артық компьютерлерді бір-бірімен жалғастыру үшін тікелей жалғастыру жеткіліксіз. Бұл жағдайда әрбір компьютерге желілік тақша орнату, оларды кабельдермен жалғастыру және компьютерлердің бірлесіп жұмыс істеуін басқаратын арнайы программаларды іске қосу қажет. Кейбір желілерде файлдық сервер деп аталатын арнайы басқаратын компьютерлер бар. Барлық "кәдімгі" компьютерлерді осындай желіде жұмыс деп атайды; 2) автоматтандырылған жұмыс орны; 3) кәсіби компьютер; 4) пайдаланушының жұмысына арналған жергілікті есептеу желісінің торабы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5