Бетонмен қаптау
Көрініс
Бетонмен қаптау — бөгеттің, каналдың және т.б. су өткізгіш имараттардың беткейлеріне сүзілуді болдырмау үшін бетоннан салынатын жамылғы. Бөгеттің беті жоғарғы және төменгі бьефтегі судың физикалық- химиялық зиянды әсеріне және атмосфералық құбылыстардың әсеріне берік болуы тиіс. Бетонды бөгеттердің тегеурінді қыры су өткізбейтін және жоғарғы жағы суыққа төзімді болуы ушін мейлінше тығыз бетоннан қалыңдығы 2—3 м болып жасалады, бетон кұрамы арнаулы ережеге сәйкес қабылданады, тегеурінді қыры битуммен қапталады, бөгеттің іргетасы су өткізбейтін бетоннан құйылады [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |