Антропогендік сукцессия
Антропогендік сукцессия (Антропогенная сукцессия) — адамның шаруашылық әрекетінен, оның экожүйеге , тікелей немесе жанама әсерінен пайда болған экологиялық сукцессия. Мысалы, орман ағашын кесу, өзендерді, көлдерді, су қоймаларын қалдықтармен, қоқыстармен ластау, атмосфераға газ шығару, т.б.
Антропогендік сукцессия тұрақты әсер ететін сыртқы факторлардан (жайылым, таптау, ластау) немесе адам әрекеті арқылы бұзылған экожүйені қалпына келтіру процесінен (тыңайған жерді шөп басу, мал көп жайылған жайылымды және ағаштары жаппай кесілген орманды қалпына келтіру, т.б.) болады. Қазіргі кездегі биосферада Антропогендік сукцессия үлкен рол атқарады. Антропогендік сукцессияның экологиялық мониторингі міндетті түрде қажет. Адамның биосфераға келтіретін зиянын азайтуда антропогендік сукцессияны басқарудың тәсілдерін жасаудың және антропогендік сукцессияның одан әрі дамуын болжаудың мәні зор. Антропогендік сукцессия әр алуан болып келеді. Олардың ұзақтығы әр түрлі (бірнеше жылдан мыңдаған жылдарға дейін), прогресті (экожүйенің биологиялық өнімділігі артуымен және олардың түрлерінің көбеюімен қабат жүреді) немесе регресті (бұл көрсеткіштердің мәні азаяды) болуы мүмкін.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002 .
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |