Автономия
Автономия[1] (грекше: autos — өзі, nomos — заң, тәуелсіздік) — мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру. Мемлекеттік құрылым құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси субъектілердің өзінше қызмет ету құқы.
Мәдени, ұлттық, аумақтық түрлері болады. Әдетте, тілдік, тұрмыстық және экономикалық ерекшеліктері бар аймақтарда жүзеге асырылады. Көп этносты мемлекеттерде автономия ұлт мәселесін шешудің мемлекеттік-құқықтық тәсілі ретінде жиі пайдаланылатын, әрі белгілі аумақ шегінде қалыптасып, дамитын мемлекеттік құрылым. Дербестік деңгейіне қарай ұлттық автономия "ұлттық- аумақтық" және "ұлттық-мәдени" деп ажыратылады. 1920—1936 жылдары Қазақстан саяси-ұлттық құрылым ретінде Ресей Федерациясы құрамынан автономия алды.
Автономия әлемнің бірқатар елдерінде кездеседі. Мысалы, АҚШ-тың федералды штаттары, Испанияда — Каталония, Баскі мен Галисия, Канададағы - Квебек штаты, Ресей Федерациясындағы - автономдық республикалар, т. б.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. — 569 б. ISBN 9965-808-89-9
- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. — Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |