Мазмұнға өту

Абақ Керей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Абақ Керей – "керей" тайпасының бір тармағы. Керейдің "Төр шежіресі" керей этнонимін Абақ (Әппақ) деген әйелмен байланыстырып, Абақ Керейді сол ананың ұрпағы дейді. Абақ Үйсін Самырзаның қызы. Күйеуі қайтыс болған соң Шымыр деген ұлын алып, төркініне кеткен. Нағашысы әлгі баланы кішкентайынан ашамайға мінгізіп, "Менің ашамайлы Керейім", – деп ертіп жүреді екен. Абақ соңғы күйеуінен Құттықожа деген ұл туады. Одан Майқы (Майқы би емес), Майқыдан: Ермен, Изен, Жусан туады. Абақ Керейдің қазіргі 12 руы осыдан өрбиді. Абақ Керей 18 ғасырдың соңына қарай өздерінің ата мекендері Қара Ертіс алқабына, Алтайға оралды. Абылайдан бата алып, ел билеген Жәнібек батыр Бердәулетіұлының тұсында рулы ел болып қалыптасқан.

12 ірі рудан құралады:

  1. Жастабан,
  2. Жәдік,
  3. Жәнтекей,
  4. Ителі,
  5. Көнсадақ,
  6. Қарақас,
  7. Меркіт,
  8. Молқы,
  9. Сарбас,
  10. Шеруші,
  11. Шимойын,
  12. Шұбарайғыр.

78 ұсақ аталардан құралады. Әр рудың өз ұран, таңбасы бар, Бас ұрандары - Жәнібек, ортақ таңбасы - Абақ.

Территория

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының Алтай, Тарбағатай, Құмыл аймақтарында, Санжы, Бөртала автоном. обл. Гансу, Синхай өлкесіндегі Ақсай, Алтыншоқы автом. ауд-да, Монғолияда тұратын қазақтардың басым көпшілігі Абақ Керей руынан тараған.

  1. Көгедай Әбілпейізұлы (1788–1824)
  2. Ажы Көгедайұлы (1824–1876)
  3. Қасымхан Ажыұлы (1876–1890)
  4. Жеңісхан Қасымханұлы (1891–1911)
  5. Әлен Жеңісханұлы (1911–1945)
  6. Закихан Жеңісханұлы (1945–1949)
  1. Бүркітбай батыр Тұяқбайұлы Қарақас
  2. Оспан батыр Исламұлы Молқы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия, 1 том.