Porsche Macan (ˈpɔʁʃə mɑˈkan, индон.Macan (mat͡ʃan) дегеннен — «жолбарыс») — немістің Porsche автоқұрылыс компаниясының шағын кроссовері. Audi Q5 негізінде жасалған ол алғаш рет 2013 жылы 20 қарашада Лос-Анджелес автосалонында таныстырылды.[2]
Алғашқыда автокөлікті Porsche Cajun («Cajun» сөзі «Cayenne Junior» — «кіші Cayenne» сөздерінің шартты қысқартуы ретінде ойластырылған) деп атау қарастырылған болатын.[3] Алайда 2012 жылы ақпанда көлік атауы Porsche Macan деп өзгертілді: компания көлік атауында индонезиялық тілдегі «мачан» («жолбарыс» дегенді білдіреді) сөзін қолдануды жөн тапты.[4] Бірақ индонезиялық тілдегі сөздің дыбысталуы өзгеріске ұшырады: индонезиялық тілде «ч — /tʃ/»[5] болып дыбысталатын «c» әріпі модельдің атауында көптеген еуропалық тілдердегідей «к — /k/»[6] болып дыбысталды.
2013 жылы 20 қарашада Лос-Анджелес автосалонында Porsche Macan-ның ресми таныстырылуы болып өтті.[7]
• Porsche Macan 1995 жылдан бергі төртцилиндрлі қозғалтқышпен жабыдқаталған алғашқы Porsche автокөлігі. Бұған дейін төртцилиндрлі қозғалтқыштар Porsche 968 моделіне қойылған болатын.[8]