Ұлы Қытай Жазығы
Ұлы Қытай Жазығы(Үлгі:Zh), Солтүстік Қытай жазығы — Шығыс Азиядағы ірі жазықтардың бірі, Қытай жерінде. Шығыс бөлігін Сары т-дің суы шайып жатыр; солт-нен Янь-шань, батысында Тайханшань, оңт.-батысында Тунбошань және Дабешань тауларымен қоршалған, оңт-нде Янцзы өз-нің төменгі ағысындағы жазыққа ұласады. Жерінің аум. 325 мың км2. Жазықтың ойпаң бөліктерін батпақтар және ұсақ көлдер алып жатыр. Шығыс бөлігін Шаньдунь тауы құрайды. Аллювийлік шөгінділердің қалың қабаттарынан түзілген. Қрі өзендері:
Ұлы Қытай Жазығын солт-тен оңт-ке қарай Ұлы канал кесіп өтеді.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]муссондық, жаңбырлы.
Орташа температура
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қаңтарда солт. бөлігінде –4°, –2°С, оңт-нде 8°— 12° С, шілдеде 25°— 28°С.
Жылдық жауын-шашын мөлш : 400 — 1000 мм. Өңір толығынан игерілген. Бидай, мақта, жер жаңғағы, темекі өсіріледі. Халықтың тығыздығы өте жоғары. Ұлы Қытай Жазығында көптеген ауылдық елді мекендер мен ірі қалалар (Пекин, Тяньцзинь, Цзинань, т.б.) шоғырланған.
Ciлтемелер :
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том