Ұлттар Лигасы
Ұлттар Лигасы | |
ағылш. League of Nations фр. Société des Nations итал. Società delle Nazioni жапон. 國際連盟 | |
Бейресми туы (1939—1941) | |
Лига эмблемасы | |
Ұлттар Лигасының бүкіл тарихында (1920-45) барлық мүшелерін көрсететін әлемнің динамикалық картасы. Көк түстегі колониялар, қызғылт сары түсті мандатталған аумақтар | |
Ұйым түрі: | |
---|---|
Басшылары | |
1920—1933: | |
Құрылуы | |
Версаль бейбіт келісімі | |
Алғашқы отырыс | |
Ыдырау | |
Тарату | |
Ұлттар Лигасы Ортаққорда |
Ұлттар Лигасы (ағылш. League of Nations, фр. Société des Nations, ис. Sociedad de las Naciones) — халықтар арасында әріптестікті дамытып, олардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігінің кепілі болуды мақсат тұтатын халықаралық ұйым. 1920 жылы Версаль бейбіт келісімі конференциясында құрылған Ұлттар Лигасының Жарғысы бастапқыда 44 мемлекетпен, оның ішінде соғыста Антанта жағында болған 31 мемлекетпен және соғыста бейтараптық ұстанған 13 мемлекетпен бекітілді. АҚШ Ұлттар Лигасының Жарғысын бекітпей, оның құрамына кірмей қалды.
Ұлттар Лигасының негізгі органдары Ұлттар Лигасының Ассамблея және Кеңесі болды. Ұлттар Лигасында дербес ұйымдар дәрежесінде халықаралық әділ соттың Тұрақты палатасы, Халықаралық еңбек ұйымы және тағы басқаны құрылды. Ұлттар Лигасының негізгі органдары Женевада (Швейцария) орналасты.
Мұндай ауқымдағы халықаралық ұйымның құрылуының негізгі алғышарттары Бүкіләлемдік пошта одағы (1874 жылы негізі қаланған), Қызыл Крест, Гаага конференциялары және Тұрақты арбитражды сот (Гаагалық трибунал) сияқты ұйымдар болды. Ұлттар Лигасы I дүниежүзілік соғыстың аяқ шенінде Ян Шмутц, лорд Роберт Сесил, Леон Буржуа сынды көрнекті саясаткерлер, қоғам қайраткерлерінің идеяларының іс жүзіне асуымен болды.
Егер бастапқыда Ұлттар Лигасының мүшелері I дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен елдер (АҚШ-тан өзге), сондай-ақ бейтарап елдердің көпшілігі болса, кейінірек басқа мемлекеттер де кірді: Болгария (1920), Австрия (1920), Венгрия (1922), Германия (1926), Мексика (1931), Түркия (1932). 1930-шы жылдары ортасында Германия, Италия және Жапония тарапынан қауіптің өсуіне байланысты Ұлттар Лигасының 30 мүше мемлекеті КСРО-ға ұйымға кіруге ұсыныс жасады. 1934 жылы 18 қыркүйекте КСРО Ұлттар Лигасына мүше болып, Кеңесте тұрақты орын алды (1939-1940 кеңестік-финляндиялық соғыстың басталуынан кейін Ұлыбритания мен Францияның бастамасымен Ұлттар Лигасы Кеңесі 1939 жылы 14 желтоқсанда КСРО-ны құрамынан шығару жөнінде шешім қабылдады).
Қызметінің бастапқы жылдарында Ұлттар Лигасы бірқатар халықаралық дауларды шешті. Ұлттар Лигасы босқындарға көмек көрсетіп, құлдар сатуды, опиум сатуды ауыздықтап, алғаш рет қоғамдық денсаулық сақтау жағдайына зерттеу жүргізді, мұқтаж елдерге қаржылай көмек көрсетті, еңбек және жұмыспен қамту саласында халықаралық әріптестікті дамытты.
Алайда уақыт өте келе ұйым қызметінің тиімділігі күн санап төмендей берді. 1940 жылы Ұлттар Лигасы іс жүзінде өз қызметін тоқтатты. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҮ) Ұлттар Лигасынан дербес қызметін жалғастыра берді, кейіннен Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесінің арнайы мекемелерінің бірі болды. Ресми түрде Ұлттар Лигасы 1946 жылы сәуірде арнайы шақырылған Ассамблеяның шешіміне сәйкес өз жұмысын тоқтатты.
Ұлттар Лигасы — БҰҰ құрылуына негіз болған, егемен мемлекеттердің халықаралық ұйымының алғашқы үлгісі. Ұлттар Лигасын құру тәжірибесі басқа ұйымдарды құруда қолданылды.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |