Қазпошта
Қазпошта | |
Түрі | |
---|---|
Қызметі |
пошталық-жинақтық |
Құрылды | |
Орналасуы | |
Басты адамдары |
Әсел Жанасова (басқарма төрағасы) |
Саласы |
пошта және байланыс |
Өнімі |
пошталық қызметтер |
Қызметкерлер саны |
17,7 мың (2023)[1] |
Басшы компания |
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (100%) |
Сайты |
«Қазпошта» — пошта байланысы кәсіпорны. Бұрынғы Байланыс министрлігінің құрамындағы біртұтас «Байланыс» саласынан 1993 жылы қазанда бөлініп шығып, дербес шаруашылық субъектісі болды.
- 1995 жылы қарашадан республикалық мемлекеттік кәсіпорын. ҚР Үкіметінің «Пошта байланысы мемлекеттік кәсіпорны мен оған қарасты мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру туралы» 1999 жылы 20 желтоқсанда «Қазпошта» ААҚ болып қайта құрылды. Құрылтайшысы – ҚР Үкіметі. Мемлекеттің үлесі 100%.
Ұйымдық құрылымы негізгі 4 деңгейден тұрады. Бірінші деңгей – облысы бөлімшелерге тікелей басшылық жасайтын, пошта жұмысын республикалық деңгейде ұйымдастырып, үйлестіретін орталық аппарат. Екінші деңгей 14 облысы бөлімшені 2 поштамптты (Алматы мен Астана) біріктіреді. Үшінші деңгей облысы бөлімшелерге бағынып, аудандар мен қалалар аумақтарында пошта жөнелтілімдерінің барлық түрлерінің қабылдануын, өңделуін, тасымалдануын және табыс етілуін қамтамасыз ететін пошта байланысының 20 қалалық және 154 ауданы тораптарынан тұрады. Төртінші деңгей 614 қалалық бөлімшені, 2774 ауылдық бөлімшені және 2 пошта тасу бөлімшесін қамтиды. Кәсіпорынның өз тасымал құралдары: 49 т. жылы пошта вагоны, 900-ден астам автокөлігі бар. Жылына орта есеппен 14 млн. хат тасиды.
«Қазпошта» ҚР Ұлттық банкінің лицензиясына сәйкес теңгемен және шет ел валютасымен операциялар жүргізеді; пошта жөнелтілімдерін, жедел поштаны қабылдау, тасымалдау және жеткізу жөнінде кәсіпкерлік қызмет көрсетеді; Бағалы қағаздар рыногінде делдалдық қызметпен айналысады. ТМД елдерімен (Өзбекстаннан басқа) және алыс 14 шет мемлекетпен халықаралық пошта аударымы алмасылады.
Басшылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Оразалы Ержанов (1999—2000)
- Аркен Арыстанов (2000—2006)
- Дәурен Молдағалиев (2006—2010)
- Салауат Шериязданов (м.а., 2010—2011)
- Аркен Арыстанов (2011—2013)
- Асхат Бейсенбаев (2013—2014)
- Бағдат Мусин (2014—2017)
- Сәкен Сәрсенов (2017—2020)
- Қанат Алпысбаев (2020—2021)
- Серік Саудабаев (2021—2022)
- Әсел Жанасова (2022 жылдан бастап)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |