Мазмұнға өту

Юлий-Клавдийлер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Юлий-Клавдийлер әулеті

Юлий-Клавдийлер (итал. Julіі-Claudіі) – рим императорларының әулеті (б.з.б. 14 – б.з. 64). Император Августың туған және асырап алған ұрпақтарынан тараған. Оның өкілдері Юлийлер мен Клавдийлердің ақсүйек тұқымдарынан шығып, өзара туысқандық байланыста болды. Юлий-Клавдийлерден Тиберий (14 – 37), Калигула (37 – 41), Клавдий (41 – 54), Нерон (54 – 68) сияқты императорлар шықты. Бұл әулеттің негізгі әлеуметтік тірегі армия мен италиялық және провинциялық халықтың әр түрлі топтарынан құралған басқару аппараты болды. Юлий-Клавдийлердің сыртқы саясаты империя шекараларын кеңейтуге бағытталды, жаңадан жаулап алынған аумақтар рим провинцияларына айналдырылды (Жоғарғы және Төменгі Германия, Каппадокия мен Колмагенд, Мавритания, Британия, Фракия, Ликия, т.б.). [1]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 10 - том