Хедив
Көрініс
Хедив (осман: خدیو [hıdiv]) - Мысырдың Османлы империясына тәуелділігі кезеңінде (1867—1914) болған Мысыр вице-сұлтан лауазымы. Бұл лауазымға Исмаил, Тауфик және Аббас II ие болған.
Этимология
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл термин еуропалық тілдерге османлы түрік тілінен (осман: خدیو hıdiv) француз тілі (фр. khédive) арқылы келді, ол өз кезегінде оны парсы тілінен (парс. خدیو xadêv), ал ол бактриялық тілден (бактр. χοαδηο билеуші) алды.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Түрік сұлтаны Әбділғазиз мысырлық паша Исмаилге хедив атағын берді, бұл оны Османлы империясының басқа билеушілерінен жоғары қойды. 1914 жылы Мысырға ағылшын протектораты жарияланғаннан кейін Мысыр билеушілері сұлтан атағын қабылдады.
Хедивтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Исмаил паша (1867—1879)
- Тауфиқ паша (1879—1892)
- Аббас II Хилми (1892—1914)