Мазмұнға өту

Ханна Арендт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ханна Арендт (ағылш. Hannah Arendt; 1906 ж. 14 қазан, Ганновер, Германия империясы – 4 желтоқсан 1975 ж., Нью-Йорк, АҚШ) - неміс саясаттанушысы, тоталитаризм туралы мәселелердің маманы. Саяси шиеленіске, нацизмнің аяққа тұруымен байланысты қызығушылықты тудырды. Осының әсерінен ол Германиядан кетуге мәжбүр болды.

1940 жылы ол АҚШ-қа табан тіреді. Чикаго университетінде профессор, әлеуметтік зерттеу мектебінде дәріс берді. Калифорния, Принстон және Колумбиялық университетте белді қызметтер атқарды.

1951 жылы "Тоталитаризмнің қайнар көзі" еңбегі жарияланғаннан соң Ханна Арендт әлемге танылды. Еңбекте нацизм мен сталинизмді дәстүрлі үлгідегі басуға үқсамайтын жаңа замандағы мемлекеттік үлгі, ал тоталитаризм - өз елінің ішінде шектеусіз билікке ұмтылады деп көрсетеді.

"Террордың тотальдығы - тоталитаризмнің ең қажет элементі, - дей келе Ханна Арендт, - мүндай тотальдық қоғамның кейбір өкілдерінің қолдауымен қамтамасыз етілген" деген қорытындыға келген.

Басты еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3