Мазмұнға өту

Фастфуд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Фастфуд - өте тез әрі кең қолданылатын тағамдардың бірі. «Фастфуд» термині тағам деген мағынада қолданылады және бұл тағам тез дайындалады, ал бұл тұтынушыға өте қолайлы.

McDonald's

1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасы мен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald's компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды. Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты.

Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллиард долларға өсті. Солтүстік Кореяда Кока-кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы. Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды. АҚШ-тың өзінде фастфуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады.

McDonald's ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген. Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғандығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді. Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен.

Cheeseburger

Денсаулыққа әсері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп, бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Жоғарыда аталған барлық тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді, ал тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігіне байланысты, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. Осындай тамақтың зиянды екенін, екінің - бірі ойлай бермейді, білгендердің өзі қуырылған картоптың қытырлағанын газды сусын кока – коламен шөлін басады. Фастфуд тағамдарын біреулер күнде жеп ішсе, кейбіреулері анда санда тамақтанады. Тамақты үйде дұрыстап дайындауға мүмкіндігіміз болмағанда, ол бізге қолайлы, тиімді тамақ ретінде көмекке келеді. Ол қымбат емес, біреқ өте қауіпті. Денсаулығымыздың қауіпті жауы әрқашанда жаныңнан табылады, ол есірткі сияқты, қарның аш болғанда қолың өзі тартылып тұрады. Көбі фастфудтардың зиянды екенін түсінеді. Балаларды кішкентай жастан бастап осындай тағамдарға үйретпеген жөн. Шынына келсек кейбіреулері жалқаулықтың арқасында, тағыда біреулер денсаулығына немқұрайлықпен қарағандықтан осындай тағамдармен тамақтанады. Фастфуд сататын дүкендер өздеріне әдемі жарнамаларымен, төмен бағаларымен, жылдам әзірленуімен тұтынушылардын назарын аудартады. Ал біз денсаулығымызға салғырт қарасақ, балаларымыздың ертеңгі күні не болмақ. Егер сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Дәрігерлердің айтуынша фастфудпен тамақтануға болмайды. Осындай тағамдардың калориялары өте жоғары, майлар мен консерванттар құрамы өте көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]