Мазмұнға өту

Томас Мидлтон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мидлтон Томас (Middleton, Thomas) (сәуір 1580, Лондон – 4 шілде 1627, Ньюингтон-Батс, Суррей, Англия) – ағылшын драматургі. Оксфорд университетінде білім алған. 1600 жылы 3 поэзия жинағының авторы болған. Продюссер Ф.Хенслоудың тапсырысы бойынша Д.Уэбстермен және басқа да драматургтармен қосылып пьеса жазады. Оның беделді трагедиялары: "Әйелдер"("Женщины"), "Әйелдерден сақтаныңдар" ("Остерегайтесь женщин", 1621), "Құпия ауыстыру" ("Тайная подмена", 1622, Уильям Роулимен бірлесе). Ақшаның артынынан қуған қоғамды "Күзгі сессия"("Осенняя сессия", 1605), "Қарты қалай тәлкек қылуға болады" ("Как надуть старика", 1608), "Ессіз дүние" ("Безумный мир"), "Мырзалар" ("Господа", 1608), "Чипсайдтан шыққан шыншыл қыз" ("Честная девушка из Чипсайда", 1613), "Шахмат партиясы" ("Шахматная партия", 1625) атты комедияларда шебер бейнелейді.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]