Мазмұнға өту

Теңізқауырсын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Теңізқауырсын

Теңізқауырсын (лат. Pennatulacea) — омыртқасыздар жануарлардың ішекқуыстылар типінің сегіз сәулелі маржандарына (Octocorallіa) жатады.

200-ден астам түрі мұхиттың терең жерлерінде жайғасып, бірен-сараны судың жағалауында өседі.

Биологиялық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Теңізқауырсында қаңқа болмайды, олардың денесі цилиндр тәрізді, төменгі жағы жалпайып табанға айналған, табанымен су астындағы грунтқа бекиді. Табанының қарама-қарсы жақ ұшында ұзын жіңішке қармалауыш шоғырларымен (6 не 8 сәулелі) қоршалған ауыз қуысы бар. Көбінесе планктонмен қоректенеді. Теңізқауырсын жынысты да, жыныссыз да түрде көбейе береді. Дернәсілі планула ауыз тесігі арқылы аналық полиптан бөлініп шығып, біраз уақыт суда жүзіп жүргеннен кейін су астында субстратқа орнығып, ересек түріне айналады. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүреді. Полиптің денесінде бүршік пайда болады да, оның ұшында жаңа қармалауыштардың бастамасы түзіледі, бірақ аналық дара бастан бөлінбей көбейе береді. Кейбір жеке тіршілік ететін актиниялар көлденең және ұзына бойына бөліну арқылы көбейеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998