Тал
Тал | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
400 түрі белгілі |
Тал (лат. Salix) — талдар тұқымдасына көп жылдық өсімдіктер туысы.
Ағаш туралы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тал - бұталы және ағаш тектес өсімдік. Табиғатта 170 түрі бар. Биіктігі - 10-15 м, кейбір түрлері 40 м-ге дейін жетеді. Тал түрлерінің көгалдандыруда көбінесе бойы аласа, бұтақтары ирек, жайыла өсетін жалғанбалы сұрыптары қолданылады. Сопақтау келген ұзын жапырақтары бар. Түсі - сұрғылт-жасыл, жас жапырағы ақшыл түсті жаңа жарған гүл секілді көрінеді. Талдың тағы бір түрлерін бұтағының әдемілігіне бола өсіреді. Бұтағы ирек, тік немесе жайылып өсетін – ағаш және бұталы түрлері бар. Бірақ оның барлық түрі ерте бүр жарып, бірінші болып жапырақтарын түсіреді. Табиғатта ылғалды жерлерде, өзен-су маңайларында өседі. Сондықтан да оның аты латын тілінен аударғанда «sal» - жақын, «lis»- су деген мағына береді. Жапырағындағы ақуыздың құрамы 12-18% болғандықтан, талдың жас шыбықтарына мал әуес келеді. Көктемде сырға секілді үлбіреген гүл жарады. Гүлінде аналық пен аталық қатар орналасатындықтан өзара тез будандасып көбейе береді. Сол себепті де ол өзен-су маңайларында тез таралып, тоғайға айналады. Қазақ жерінде бұтақтары жайылып, төмен қарай салбырап өсетін “мәжнүнтал” және бұтақты түрге жататын “ешкітал” деген түрлері бізге жақсы таныс. Ал, бұтақтары жоғары қарай иректеліп өсетін түрі “максудана” деп аталады.
Қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ежелгі египеттіктер талдың діңінің қабығын суық тигенде және ыстықты қайтару үшін қолданған. Аспирин таблеткасындағы салицинді талдың діңінен тапқан. Ешкі талдан, шыбығы жұмсақ болғандықтан иіп, себеттер тоқиды.
Күтімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кәдімгі тал ерекше күтімді талап етпейді. Ал, сұрыпталған, жалғанбалы түрлерін өсіру қиындау. Жалғанбалы талдың төменгі бөлігінің бұтақтарын қырқып тастап отырмаса, әдемілігін жоғалтады.
Көбейтілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалемшесі арқылы оңай көбейтіледі. Сұрыпталған жалғанбалы түрлерінің дайын көшетін сатып алған жөн.
Қайың туралы тақпақ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ылғалды сүйер, өседі өзен жағалап,
Қадірін түсін, қасиетін оның бағалап.
Солқылдақ, жұмсақ, иілсе дағы сынбайды,
Әр түрлі заттар жасауға одан ыңғайлы.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Ағаштар: Дидактикалық материал - Алматы, 2010 - 15 б; ISBN 978-601-7237-03-5