Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы — жер шарындағы судың күн қуаты мен ауырлық күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады. Су булары ауа ағындарымен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады. атмосфералық жауын-шашын түрінде мұхитқа қайта оралса, бұл құбылыс - кіші немесе мұхиттық айналым болады. Мұхит пен атмосфераға қоса құрлықты қамтитын су айналымы - үлкен немесе дүниежүзілік су айналымы деп аталады. Дүниежүзілік су айналымына қатысып, құрлыққа жауған судың біразы өзендер арқылы (жер бетінгі ағын) мұхиттарға қайтадан ағып барады. Қалған бөлігі топыраққа сіңіп, нәтижесінде топырақтағы суды өсімдіктер сіңіріп, қайта буландырады. Ал одан қалған су бөлігі топыраққа тереңірек сіңіп, сулы қабатпен (жерасты ағын) қайта мұхитқа оралады. Құрлықтан мұхитқа қосыла алмайтын су көздері де бар. Оларды ішкі "ағынды" немесе "ағынсыз" сулар деп атайды. Бұл аумаққа түскен жауын-шашын толық буланып кетеді. Атмосферадағы судың (ылғал) 87%-ға жуығы дүниежүзілік мұхит суынан булануға ұшырайды. Жергілікті немесе құрлық ішіндегі су айналымы да болады. Құрлықтан буланған су (ылғал, газды күй) мұхитқа жетпей тұрып, бірнеше рет жауын күйінде жауып, осылай құрлық ішінде де кіші су (ылғал) айналымы жүреді. Табиғаттағы су (ылғал) айналымы — күн энергиясы мен ауырлық күші әсерінен туындай отырып, жер шарына тән ылғалдың (судың) толассыз қозғалысын камтамасыз ететін тұйықталған процесс: ауа ағындарымен аспанға көтерілген Әлемдік мұхит айдыны мен құрлық бетінен буланған ылғал (су) түйіршіктері конденсацияға ұшырайды да жауын-шашындар түрінде жер бетіне (Әлемдік мұхит және кұрлық бетіне) қайтадан оралып (жауып) отырады.
Су айналымына өсімдіктер де қатысады. Олар құрлыққа жауған жауынның (ылғалды) бойына сіңіріп, қайта буландырады. Алайда адамзат күн сайын ормандарды кесіп жатыр. Үлкен аумақтардағы ормандарды кесу өзендердің су ағынын арттырады. Олардың ағыны саға, саласынан асып, адамдарға және шаруашылыққа үлкен зардабын тигізеді. Көптеген су тасқыны нақ осындай мәселенің болуынан туындайды.
Су айналымының маңызы өте зор. Айналым жер бетінен шексіз көрінетін су қорымен қамтамасыз етеді. Жердегі судың жаңарып отыруына септігін тигізеді. Бірақ судың жаңаруына кететін уақыт ұзақ мерзімді талап етеді. Мысалы, жерасты суларының жаңаруына жүз мың, миллиондаған жылдар кетеді. Өзен сулары 11-14 тәулік, атмосфераның құрамындағы су 8-9 тәулік сайын жаңарып отырады. [1]. [2].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- ↑ Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4
- ↑ А. Егорина, С. Нүркенова, Е. Шимина. География, жалпы білім беретін мектептің 7 - сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2017 - 224 бет. ISBN 978-601-306-746-9