Суыр күні (фильм)
Суыр күні | |
Groundhog Day | |
Жанры |
комедия, мелодрама |
---|---|
Режиссёрі | |
Продюсері |
Тревор Альберт |
Сценарийдің авторы |
Дэнни Рубин |
Басты рөлдерде | |
Операторы |
Джон Бэйли |
Композиторы |
Джордж Фентон |
Кинокомпания |
Columbia Pictures |
Ұзақтығы |
101 мин. |
Бюджеті |
14,6 млн $ |
Кассалық түсімі |
105 млн $ |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
IMDb | |
https://www.sonypictures.com/movies/groundhogday |
Суыр күні (ағылш. Groundhog Day) — қияли элементі бар америкалық кинокомедия.
Бас қаһарманы уақыт шеңберінде қалып қойған жағдайды суреттейтін фильм сол жылдың ең табысты кинотуындылары қатарына енді. Үлкен философиялық пен мәдени әсер жасаған бұл фильм көптеген еліктеулердің пайда болуына әкелді. Ал «суыр күні» деген тіркес көп тілдерге еніп, қайталана беретін, біркелкі кезеңді білдіре бастады.
2006 жылы бұл фильм АҚШ Конгресс кітапханасының Ұлттық фильмдер регистріне енгізілді.
Сюжет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фил Коннорс есімді инабатсыз тележүргізуші ауа райы жаңалықтарын жеткізіп жүреді, бірақ өз жұмысын онша ұнатпайды. 1 ақпан күні ол және бірге істейтін продюсер Рита Хансон мен оператор Ларри Пенсильваниядағы Панксатони қаласына келіп, дәстүрлі «Суыр күні» мерекесінен репортаж жасауға дайындалады. 2 ақпан күні олар репортаж жасап, қаладан кетпекші болады, бірақ боранның кесірінен қалып қояды. Келесі күні 3 ақпан емес, тағы 2 ақпан келіп қайталанады, бірақ Филден басқалары бұны сезбей жүреді.
Рөлдерде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Актерлер | Кейіпкерлер |
---|---|
Билл Мюррей | Фил Коннорс |
Энди Макдауэлл | Рита Хансон |
Крис Эллиотт | Ларри |
Стивен Тоболовски | Нед Райерсон, Филдің сыныптасы |
Брайан Дойл-Мюррей | Бастер Грин, Панксатони мэрі |
Гарольд Рамис | невролог |
Майкл Шэннон | Фред, асханадағы жас жігіт |
Гинден Уолш | сол жігіттің қалыңдығы |
Уилли Гарсон | Кенни, Филдің ассистенті |
Рик Дукомман | Гас, Филдің ішкіш серігі |
Рик Овертон | Ральф, Филдің ішкіш серігі |
Анджела Пейтон | мисс Ланкастер, қонақ үйдің иесі |
Робин Дюк | даяшы Дорис |
Сценарий
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бастапқы сценарийді Дэнни Рубин 1988—1989 жылдары жазған. Ол бітпес ғұмыры бар кейіпкер туралы кино түсірілсе, оны әртүрлі кезеңдерде көрсету техникалық жағынан қиындау болады деп, оны бір өзгермейтін аймаққа кірістіру жағын ойластыра бастайды. Сонда өзінің бұрынғы уақыт шеңберінде қалып қойған кейіпкер туралы идеясын еске түсіреді. Ең қолайлысы — қайталана беретін жалғыз күнді көрсетсе дұрыс, деп шешеді.
Кинохикаяларда әдетте өзгеріс суреттеледі, сондықтан шексіз уақыт аралығында бұл кейіпкердің қалай өзгеруін анықтау үшін, мен оны өзгеруге еш ниеті жоқ тұлға ретінде көрсетуден бастауым керек еді, сірә, дамуында кідіріс болған және дұрыс есее алмаған азаматтардың бірі ретінде де. Мүмкін, сондай азаматтарда көбірек уақыт болғанда, олар ақыры жетілер еді. Мүмкін, оларға жалғыз өмір аз болып көрінеді.
Movie stories are by nature about change, and if I were going to test the change of this character against an infinity of time, I'd want him to begin as somebody who seemed unable to change, perhaps one of those arrested development-type guys who just couldn't quite grow up. Maybe if guys like that had more time they would eventually mature. Maybe one lifetime is not enough.[1]
Сюжет негізін құрастырып біткенде, ол қайталана беретін күнді таңдай бастайды, бұл кейіпкердің туған күні немесе 29 ақпан сияқты ерекше күн болуы керек еді. Сонда қолына күнтізбені алғанда, көзі ақпандағы «суыр күніне» түседі. Бұл көпшілікке онша танылмаған мереке күнін сценарий үшін жарамды деп табады. Сөйтіп, мерекенің бас қаһарманы болып табылатын суыр Филдің есімі киноның бас кейіпкеріне де берілді. Бұл кейіпкер жалғыз күнде бірнеше даму кезеңінен өтеді: түсінбестік, ойын-сауық, депрессия, өзін құдай деп санау, игілікке бастар жол.
1990 жылдың сәуірінде Дэнни Рубин сценарийді бірнеше компанияға жібереді. Көптің ішінен продюсер Тревор Альберт бұл сценарийге қатты қызығушылық танытып, оны режиссёр Гарольд Рамиске ұсынады, бірақ бастапқыда ол бұны ұнатпай қалады. Ал Дэнни Рубин бұл жобаға комедиялық режиссёрдің таңдалуына байланысты өз күмәнін білдіреді. Бірақ 1991 жылдың басында Columbia Pictures студиясымен келісім жасалып, Гарольд Рамис режиссёр болып тағайындалады.
Гарольд Рамис фильм жасауға өз досын Билл Мюррейді шақырады. Рубин, Рамис, Мюррей үшеуі сценарийді жетілдіруге кіріседі. Сөйтіп, бастапқыда драмалық деп ойластырылған фильм романтикалық комедия сипаттарын сіңіреді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Danny Rubin. How to write Groundhog Day. — Triad, 2012. — 306 с. — ISBN 2940014068031.