Мазмұнға өту

Стадион

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Афина стадионы. 1906 ж.

Стадион (гр. stadіon – жарыс өткізетін алаң) — жеңіл атлетика мен футболға арналған спорт аренасы, көрермендерге арналған трибунасы, спорттық ойындар мен гимнастика үшін алаңдары, қосымша құрылыстары мен ғимараттары бар кешенді спорт құрылысы.

Стадиондар кіші (1,5 – 3 мың орынды), орташа (10 – 14 мың орынды), үлкен (25 мың орыннан астам) болып бөлінеді. Стадиондардың кешеніне жүзу бассейндері, спорт залдары, жеңіл атлетикалық жабық манеж енеді.

1896 жылы 1-Олимпиадалық ойындардың өткізілуіне байланысты Афинада бұрын қираған стадион жаңартылды. Бұдан кейін спорттың дамуына байланысты жер-жерлерде стадиондар салына бастады. Солардың қатарында Лондонда (1908), Стокгольмде (1912), Парижде (1924), Амстердамда (1928), Лос-Анжелесте (1932), Берлинде (1936), Хельсинкиде (1952), Мельбурнде (1956), Римде (1959) үлкен стадиондар салынды. Қазір дүние жүзінде 100 мыңнан астам көрермен сыятын стадиондар жетерлік. Мысалы, Рио-де-Жанейродағы «Маракана» (180 мың адам), Прагадағы Страговский атындағы стадион (140 мың), Чикагодағы (120 мың) стадиондар.

Қазақстанда Алматы (1958), Қарағанды (1960), Шымкент (1968) қалаларындағы Орталық стадиондар 30 мың адамға, Медеу жасанды мұз айдыны (1972) 10 мың орынға есептелініп салынған. Облыс орталықтарында сыйымдылығы 10 мың орыннан асатын стадиондар жұмыс істейді.[1]

Фотогалерея

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы