Пуэрто-Рико
Пуэрто Рико ис. Estado Libre Asociado de Puerto Rico ағылш. Commonwealth of Puerto Rico | |||||
| |||||
Пуэрто-Рико мемлекеттік әнұраны | |||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ресми тілдері | ағылшын тілі, испан тілі[1] | ||||
Елорда | Сан-Хуан | ||||
Ірі қалалары | Сан-Хуан | ||||
Үкімет түрі | АҚШ-пен қауымдастырылған ел | ||||
Губернаторы | Рикардо Росельо | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
9104 км² 1,6 | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Санақ (2010) • Тығыздығы |
3 195 153[2] адам (136-шы) 3 725 789 адам 351 адам/км² (39-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
129,908 млрд.[3] $ (75-ші) 39,763[3] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
104,557[3] $ (62-ші) 32,004[3] $ (32-ші) | ||||
АДИ (2015) | 0,845[4] (40-шы) | ||||
Валютасы | АҚШ доллары (USD) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
ISO коды | PR | ||||
ХОК коды | PUR | ||||
Телефон коды | +1(787) және 1(939) | ||||
Уақыт белдеулері | -4 |
Пуэрто Рико (ис. Puerto Rico; ағылш. Puerto Rico) — Вест-Индиядағы ел. Пуэрто Рико, Вьекес, Мона т.б. аралдарда орналасқан. Солтүстік жағалауы Атлант мұхитымен, оңтүстігі Кариб теңізімен шайылады. Жері - 8,9 мың км² . Халқы - 3 195 153 (2018). Әкімшілік орталығы - Сан Хуан қ. Әкімшілік жағынан 7 округке бөлінеді.
Мемлекеттік құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Өз еркімен қосылған» (АҚШ-қа) және өзін-өзі басқаруға құқылы мемлекет. Жоғарғы билігі АҚШ Конгресінің қолында. Атқарушы үкімет – Пуэрто Риконың губернаторы. Екі палаталы заң шығарушы органы бар.
Табиғаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пуэрто Рико аралы ұзындығы 170 км, ені 60 км, негізінен таулы, тек солтүстік және оңтүстік жағалауы ғана енсіз ойпатты келеді. Биіктігі 1838 м-ге жететін тау жоталары бор мезгілінің шөгінді жыныстарынан түзілген. Марганец (оңтүстік-батыс бөлігінде) және темір (шығысында) руда көздері табылды. Кезінде жер сілкіністер күшті болған. Климаты тропиктік пассаттық. Ойпатты өңірінің орташа айлық температурасы 24-8-280С. Жылына 900-2500 мм жауын-шашын түседі. Теңіз дауылдары жиі байқалады. Солтүстік беткейлерінде мәңгі жасыл және аралас орман, оңтүстік жағында қуаңшылыққа төзімді бұталы өсімдік өседі. Жануарлар дүниесі өте кедей; көбіне жарғанат, бауырымен жорғалаушылар, құрлық ұлулар кездеседі. Пуэрто Рикода 17 жасанды көл және 50 астам өзендер бар.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тұрғындары – пуэртор-икалықтар (3 725 789 адам, 2010). Ондаған мың американдықтар және басқа шетелдіктер тұрады. Ресми тілі – испан және ағылшын тілдері. Басым діни ағымы католицизм. Халықтың орташа тығыздылығы 1 км² жерге 409 адамнан келеді(2010).
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]8-9 ғ-ларда П.-Р. Аралын үндіс-борикендер мекндеген. Борикендер қарапайым егіншілікпен, аң, балық аулаумен шұғылданған, тоқыма кәсібін де білген. 14-15 ғ-ларда аралды карибтер қоныстанды. 16 ғ-дың басында үндістер рулық құрылыс сатысында болды. Испандықтар бұл аралды басып алып, мал өсірді, жаңа астық дақылдарын енгізді. 16 ғ-дың ортасына қарай жергілікті халық түгел дерлік қырғынға ұшыратылды. П.-Р-ға Африкадан негр-құлдар әкеліне бастады. Ағылшын, француз және голланд қарақшылары бірнеше рет П.-Р-ны басып алуға әрекет жасады. 19 ғ-да испан үстемдігіне қарсы қимылдар (1835, 1838 ж. Көтерілістер) болды. 1868 ж. Р.Э.Бетансес бастаған көтерілісшілер Ларес қ-нда республика жариялады. Көтеріліс қатал басылды. 1873ж. П.-Р. Шектеулі автономия алды.
1898 ж. Аралды АҚШ әскері басып алды. 1917ж. Джонс-Шафрот актісі бойынша пуэрто-рикандықтарға осы күнге дейін күшін жоймаған АҚШ азаматтығы берілді.
1952 ж. П.-Р-да конституция қабылданды. Бұл конституцияға сәйкес «АҚШ-қа еркімен қосылған мемлекет» деп жарияланды, ал іс жүзінде П.-Р. АҚШ-қа тәуелді болып қала берді. 1959 ж. Куба революциясының жеңісі ықпалымен П.-Р-ның тәуелсіздігі жолындағы күрестің күшейе түсуі АҚШ конгресін 1964ж. наурызды П.-Р-ың саяси және экономикалық мәселелерін зерттеу және П.Р-ның келешектегі дәрежесі туралы арнайы комиссия құру жөнінде заң қабылдауға мәжбүр етті. 1968-72 ж. өкіметті бастаған билеуші топтар П.-Р-ны 51-штат ретінде АҚШ-қа қосу жолындағы талапты бұрынғыдан күшейте түсті. 1960 ж. бастап П.-Р. Халқы елдің тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресс пен демократия үшін күресті өрістете түсуде.
Кәзіргі уақытта П.-Р. Фармацевтикалық және өндіріс жүйелері дамыған ірі туристік орталыққа айналған.Саяси дәрежесі әлі күнге дейін айқындалмаған.[5]
2000 ж. АҚШ президенті Б.Клинтонның ұсынысымен саяси дәрежесін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Арнайы комиссияның есебінде П.-Р. қазіргі дәрежесі расталып, азаматтарына өз дәрежесін анықтауға құқық беруді ұсынды. Халыққа саяси дәреженің үш түрі ұсынылып отыр: қәзіргі дәрежені растау, АҚШ-қа 51 штат болып ену немесе тәуелсіздігін жариялау.
2012 ж. 6 қарашада П.Р-ның саяси дәрежесін анықтау үшін екі кезеңде референдум өтті. Дауыс берушілердің 65% АҚШ-қа штат болып кіруді қолдады, 31%,- АҚШ-қа одақтас мемлекет болуды, ал 5,53% тәуелсізідікті жариялауды қолдады.
Демография
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Puerto Rico |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Nancy Morris Puerto Rico: Culture, Politics, and Identity — Praeger/Greenwood, 1995. — P. 62. — ISBN 0275952282. + Crawford J. Puerto Rico and Official English 1997
- ↑ Nevada and Idaho Are the Nation's Fastest-Growing States. United States Census Bureau (December 19, 2018). Тексерілді, 30 желтоқсан 2018.
- ↑ a b c d World Economic Outlook Database, October 2018. International Monetary Fund.
- ↑ Fuentes-Ramírez, Ricardo R. (2017). "Human Development Index Trends and Inequality in Puerto Rico 2010–2015" (PDF). Ceteris Paribus: Journal of Socio-Economic Research 7. https://ceterisparibusuprm.org/volumen-actual/human-development-index-trends-and-inequality-in-puerto-rico-2010-2015-by-ricardo-r-fuentes-ramirez/. Retrieved May 15, 2017.
- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы: Алматы, 1976. 385-386 б.
|