Мазмұнға өту

Портал:Астана

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Астана порталына қош келдіңіз! Жобада әзірге 694 мақала бар (Ж)

Портал Жоба Талқылау Порталдар

Портал:Астана

Астана қаласы


Астана (бұрынғы атаулары: Ақмолинск, Целиноград, Ақмола, Нұр-Сұлтан) — 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының елордасы. Акмолинск елді мекені қала мәртебесін 1862 жылғы 26 қыркүйекте алды. Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындар саны 1 002 874 тұрғын болды. 2020 жылдың басына қарай қала түрғындар саны 1 136 008 адам. Территория аумағы – 797,33 км². Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала төрт ауданнан — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» ауданынан тұрады. (толығырақ...)

Featured articleТаңдаулы мақала

Астана қаласының Бас жоспары (толық атауы Астана қаласының 2030-жылға дейінгі дамуының Бас жоспары) — Астана қаласы тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздігін, табиғи және мәдени мұраларын сақтау мақсатында жасалған қаланың сәулет-құрылыс жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.

Қаланың сәулеттік тұжырымдамасын әзірлеуде Президент Н.Назарбаевтың қалаға еуропалық келбет беру идеясы ескерілді.

«Астана қаланың Бас жоспарын» жасауға халықаралық бай­қау жарияланып, байқау нәтижесінде жапон сәулетшісі Кишо Курокаваның (жапон. 黒川 紀章) арнайы жасаған жобасы қабылданды.

Жоба барысында жүзеге асқан «Бейбітшілік пен келісім сарайының» мен «Хан шатыр» ғимараттарының бірегей сәулеттік жобалары итальяндық Манфреди Николеттидің туындылары.

Featured articleТаңдаулы сурет

Есіл бойы

Сіз білесіз бе?

  • 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға «Әлем қаласы» дәрежесі берілді.
  • 2012 жылы қала ТМД-ның және түркі әлемінің мәдени астанасы болды.
  • Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан.
  • Экспо-2017 көрмесіне арнап салынған «Нұр Әлем» ғимараты дүниедегі ең үлкен сфералық ғимарат болып саналады, оның диаметрі – 80 метр, ал биіктігі – 100 метр.

Featured articleТаңдаулы тұлға

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов
Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов (1924 — 2013) — әскери қайраткер, армия генералы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі. Астана қаласының құрметті азаматы.
  • Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 1-Белорус майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдова, Польша, Германия майдандарында соғысқан. Пулемет взводын, ротаны, 5-екпінді армияның атқыштар батальонын басқарды. Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты.
  • 1950-1989 жылдары – Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округы әскерлері бастығының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) бастығының бірінші орынбасары.
  • 1990 жылдан ҚР соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы
  • 1991-1992 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы.
  • 1992-1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, армия генералы.
  • 1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі.
  • КСРО, Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталған.
  • Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы.

Жаңалықтар

Санаттар

Featured articleТаңдаулы дәйексөз

Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен қала жетпек

Астана ғимараттары



Бәйтерек (монумент)Абу-Даби ПлазаНұрсұлтан Назарбаев Халықаралық ӘуежайыҚазақстан Орталық концерт залыАстана ОпераАстана АренаАқордаБейбітшілік және келісім сарайыНазарбаев УниверситетіАлау (мұзайдыны сарайы)Қазмедиа орталығыТәуелсіздік сарайыХан ШатырӘзірет Сұлтан мешітіНұржол желек жолыАсыл тас (әкімшілік кешен)Қазақ елі (монумент)Атамекен (мұражай)

Featured articleТаңдаулы панорама

Ақорда мен маңайдағы әкімшілік ғимараттар

Сіз қалай көмектесе аласыз

Туыстас порталдар