Полемика
Полемика - [еж. грек, polemikos - жауыққан, жаугерлік] - идеялардың, көзқарастардың, пікірлердің қарама- қарсылығы, күресі, конфронтациясы бар дауласу. Осы тұрғыдан полемиканы қандай да бір мәселеге байланысты принципті түрде қарсылықты пікірлердің әрқайсысы өз көзқарасы тұрғысынан пікірін қорғау, оппоненттің пікірін жоққа шығару мақсатында туындайтын жариялы дауласу деп анықтауға болады. Оның жай пікірталастан (дискуссия, диспуттан) айырмашалығы - мақсатты бағыттылығында. Дискуссия, диспуттың қатысушылары пікір алмасу арқылы ортақ пікірге, ортақ шешімге, ақиқатты орнатуды көздесе, полемиканың басты мақсаты - қандай да жолмен қарсыласты тұқыртып, өз көзқарасы мен пікірінің дүрыстығын мойындатып, жеңіске жету. Полемика - көз жеткізе білу, өзін құптату өнері. Ол бойынша әрбір айтылған ой дәлелдермен, дәйекпен, ғылыми пікірлермен толықтырылуы керек. Маңызды, адамзаттық құндылықтарды, адам құқын қорғау, қоғамдық пікірді туғызу, жаңа саяси көзқарастарды қалыптастыру барысында полемика аса қажетті болып табылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |