Мазмұнға өту

Паразаулороф

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Паразаулороф
Паразаулороф
Паразаулороф

Паразаулороф — бұдан шамамен 76 - 73 миллион жыл бұрын кейінгі Бор кезеңінде өмір сүрген орнитопод тұқымдас динозавр. Ол шөппен қоректенген. Екі аяқпен де, төрт аяқпен де жүре білген жануарды алғаш рет 1922 жылы Вильям Паркс сипаттаған. Сүйектері Канаданың Альберта қаласынан табылған. Паразаулороф — басындағы ерекше айдарымен белгілі гадрозаврид. Айдары жоғары және артқа қарай иілген ұзанша түтікшеге ұқсайды. Паразаулороф азық іздегенде төрт аяқтап жүріп, жүгіргенде екі аяғын пайдаланған.

Қызықты дерек

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Паразаулороф айдарымен дыбыс шығарған.
  • Паразаулорофтың сүйектері Канаданың Альберта қаласынан табылған.
  • Кейінрек динозаврдың сүйектері Нью–Мексикодан да қазылып алынды.

Мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Мәні : "Айдарлы кесіртке"
  • Ұзындығы : Мұрнынан құйрығының ұшына дейін 10м
  • Қорегі : өсімдіктер
  • Салмағы : 2,5 тонна
  • Тұқымдас : Хамбеозаврит
  • Отряд тармағы : Орнитилли [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы