Лотос
Лотос | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
N. nucifera (sacred lotus)
| ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Species | ||||||||||
Лотос немесе Шамгүл (лат. Nelúmbo) — қос жарнақты өсімдіктерінің Лотос тұқымдасына (лат. Nelumbonaceae) жататын көп жылдық су өсімдіктерінің бір туысы. Лотостың 100-ге жуық түрі бар. Бұл өсімдіктің тамырлары тоғанның түбіне бекініп, жапырақтары мен гүлдері судың бетінде орналасады.
Ботаникалық сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жапырақтары дөңгелек, енді, суда қалқып тұрады. Қанық түсті гүлдері хош иісті. Сабақтары ұзын, гүлдері ақшыл реңді, қызыл түсті. Тұқымдары қатқыл, қоңыр-сұр түсті.
Лотостың тамырсабағы - қызғылт-сұр түсті, дәмі картоп дәміне ұқсас. Оның құрамында түрлі талшықтар, С, В-1, В-2 дәрумендері, калий, мыс және магний болады. Лотостың тамыр сабағы тыныс алу аппаратының жұмысы бұзылғанда ем болады. Өсімдіктерінде улы зат — нелюмбин бар.
Лотостың гүлдері судың бетінде қалқып тұрады. Ақ немесе қызғылт түсті күлтежапырақтары-ұзын,сына тәріздес, бірнеше қабаттан тұрады. Лотос-көне көне символдардың бірі, ол өміршеңдіктің, денсаулықтың, ар-намыс пен табыстың символы болып келеді.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Лотос Таяу Шығыс, Азия, Аустралия мен Жаңа Гвинеяның кейбір аймақтарында кездеседі. Лотостың қоңыржай аймақ пен тропиктік жерлерде өсетін жаңғақты лотос және сары Лотос деген түрлері бар. Бұл түрлердің айырмашылығы — гүлдерінің түсінде (қызыл, сары). Атпа тамыры және тұқымдары арқылы көбейеді. Қазақстанда соңғы жылдары Іле өзенінің Балқаш көліне құятын тұстарында қолдан өсіріледі. Лотос - Үндістан мен Вьетнамның ұлттық гүлі.
Қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұқымы мен тамыры тамаққа пайдаланылады. Олар дәрі ретінде де, тағамға да пайдаланылады. Бұл тұқымдар-протеин көзі, оларды әл жинау мақсатында пайдаланады. Лотостың тұқымдарын бүйрек, көкбауыр, жүректің жұмысы бұзылғанда қолдану пайдалы. Сондай-ақ оларды жүрек соғысы жиілеп кеткенде ұйқысыздыққа қарсы қолданады.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Nelumbonaceae |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |