Мазмұнға өту

Кәдімгі тасшыбжық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кәдімгі тасшыбжық
Male in breeding-plumage
Male in breeding-plumage

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Passeriformes
Тұқымдасы: Muscicapidae
Тегі: Oenanthe
Түрі: O. oenanthe
Екі-есімді атауы
Oenanthe oenanthe
(Linnaeus, 1758)
Oenanthe oenanthe oenanthe

Кәдімгі ТАСШЫБЖЫҚ (Oenanthe oenanthe) - тасшыбжық туыстылардың ең танымал өкілі.

Биологиялық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Орташа денелі (20-30 г), жоны - ақшыл сұр, бауыры - ақ, қанаты - қара және құйрығы қара-ақ түсті. Тұмсығынан көзі арқылы бастың екі жағына «ноқта» деп аталатын жалпақ қара жолақ созылады. Аяғы - сымбатты, жіңішке қара реңді және тұмсығы да - қара. Ересек аталықтың кейпі осындай. Аналығының реңі осыған ұқсастау, алайда тым қарама- қарсы түсті емес, ноқтасындағы қара түс қошқылдау қоңыр түске алмасқан. Жерде жақсы жүгіреді, бір орында тұрып алып, мезгіл-мезгіл «иіліп», қүйрығын шыбжыңдатады. Бұл қасиет - тасшыбжықтардың барлығына тән әрекет. Сонымен бірге қатты шиқылдаған «и-чекчек» деген үнді бірнеше рет қайталайды. Әуені - жай ғана шиқылдау. Ұшып жүргенде құйрықастының ақ түсі айқын көрінеді. Шөбі аласа (құрғақ дала, шөлейт үлескісінде жиі-жиі), сондай-ақ биік таулардың тасты үлескілерінде де тіпті елді мекеннің шетінде де (әсіресе - қираған орын, молалар) ашық кеңістікте қоныстанады. Кәдімгі тасшыбжықтар ұяларын кемірушілердің қалдырып кеткен індеріне және тастардың астына салады, топырағы жұмсақ болса, өздері де ін қазып алады. Қомақты ұяны жүннің қалың қабатын астарлап, жылылайды. Салындыдағы 4-6 бозғылт-көгілдір жұмыртқаларды аналығы 11 - 14 күн басады. Балапандарды ата-енелері бірлесіп ұяда - 15 күндей және олар ұядан ұшып кеткеннен кейін шамамен бір аптадай қоректендіреді (қауіп төнген жағдайда балапандар ұяға оралады). Ұялас балапандар тарқап кеткен кезде кәдімгі тасшыбжықтар жеке-дара өмір сүреді.

Бүкіл Еуропада кең таралған десе де болады. Қазақстанда ең сусыз құмды шөлден басқа барлық жерде ұялайды. Көктемде - наурызда, нағыз сібірлік өңірлерде наурыздың басына қарай ұшып келеді. Қазақстаннан қыркүйек-қарашада қыстауға ұшып кетеді.

1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.

  1. BirdLife International Oenanthe oenanthe. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.