Кнессет
Кнессет (ивр. הכנסת, араб.: الكنيست, ағылш. The Knesset; сөзбе-сөз аудармасы — «Жиналыс») Израильдің заң шығарушы билік органы болып табылады, оның парламенті. Кнессеттің мүшелер саны — партиялық тізімдер бойынша сайланатын 120 парламентарий.
Израиль парламенттік республика болғандықтан, Кнессет жоғарғы билік органы болып табылады. Кнессетке сайлау өткеннен кейін Израиль президенті сайланған фракциялармен отырыс өткізіп, коалициялық үкіметті құрай алатын фракциялар басшыларының біріне (кейін бұл фракцияның басшысы үкімет басшысы (премьер-министр) ретінде тағайындалады) үкіметті құруға міндеттейді. Тәжірибе жүзінде бұл қызмет әдетте сайланған ең ірі фракцияның басшысына беріледі.
1996 және 1999 жылдары, Кнессетке 14-ші және 15-ші шақырылымға сайлауы кезінде, премьер-министр бөлек бүкілұлттық дауыс берумен сайланды (үкімет басшысының тікелей сайлауы туралы қабылданған заң бойынша). Осылайша, 1996 жылы үкіметті Биньямин Нетаньяху басқарды, ал 1999 — Эхуд Барак. 2001 жылы Барактың қызметтен кетуі нәтижесінде премьер-министр қайтадан тікелей дауыс беру арқылы сайланды (бұл қызметке Ариэль Шарон келді), бірақ Кнессет қайта сайланған жоқ. Кейін елде премьер-министрдің тікелей сайлау процессінен бас тартты.
Үкімет құрамы, өз кезегінде, Кнессет мүшелерінің көпшілігімен мақұлдануы керек. Кнессет мүшелері жеті жылда бір рет президентті сайлауды, ол негізінде салтанатты функциялар атқарады. Кнесеттің өкілеттік мерзімі — төрт жыл.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми сайты (иврит), (орыс.), (ағыл.)
- «Негізгі заң: Кнессет» Мұрағатталған 18 қарашаның 2015 жылы. (орыс.)
|