Мазмұнға өту

Кино жанрлары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кино жанрлары — ішкі құрылымдарының ұқсас сипаттары негізіндегі кинолық шығармалардың топтары.

Жанр — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан ішкі тараушалар. Өнердің әр түрінде жанрлық бөлінулерге өзіндік ерекшеліктер хас және басқа түрлермен сәйкестенбейді. Әйткенмен, "жанр" терминінің кесімді анықтамасы жоқ, ал "тек", "түр", "түрлілік" түсініктері жиі оның синонимі ретінде қолданылады. Сонымен бірге өнердің әрбір түріне дәуіріне сай жанрлық жиынтықтың өзгерімдері тән.

Internet Movie Database (IMDb) порталы өзінің топ бойынша фильмдерді бөлу жүйесін қолданады. Ол жерде бір таспа бір уақытта бірнеше жанрға қарасты болуы мүмкін. Сайт ауторлары түсініктеме береді: "Жанр деген не? Жанр — бұл жай ғана фильмдерді олардың стильдеріне, пішініне немесе мазмұнына сүйене айқын түрлерге бөлу. Көптеген фильмдер оңайша уестерн, драма немесе комедия сияқты санаттарға жатқызылуы мүмкін. Бірақ әрине, кейбір фильмдер бұл жиектемелерге сыймайды, сондықтан бұл тізім шартты." IMDb жүйесіне классикалық жанрлар да, мысалы, комедия немесе шытырманды фильм, сондай-ақ кино түрлері де, яғни деректі және анимациялық, сонымен қатар телевизиялық жанрлар (толк-шоу, жаңалықтар) да кіреді.

IMDb жанрлық жүйесі фильмдерді жанрлар бойынша жіктеу туралы теориялық кинотану тапсырмасын шешуде жеткілікті прагматикалық ыңғай болып табылады.

Драма жанрлары
Эпикалық жанрлар
Лирикалық жанрлар
Фольклорға негізделген
Мазмұнына байланысты
Музыкалық фильм
Жапон киносының жанрлары