Мазмұнға өту

Калифорния шығанағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Калифорния шығанағы
ис. Golfo de California
Сипаттамасы
Ауданы177 000 км²
Көлемі145 000 км³
Жағалау сызығының ұзындығы4000 км
Тереңдігі3400 м
Орташа тереңдігі818 м
Орналасуы
28° с. е. 112° б. б. / 28° с. е. 112° б. б. / 28; -112 (G) (O) (Я)Координаттар: 28° с. е. 112° б. б. / 28° с. е. 112° б. б. / 28; -112 (G) (O) (Я) (T)
Өзінен жоғары акваторияТынық мұхит
Ел Мексика
Калифорния шығанағы (Мексика)
Калифорния шығанағы
Калифорния шығанағы Ортаққорда

Калифорния шығанағыТынық мұхиттың Солтүстік-шығысында, Солтүстік Американың батыс жағалауындағы шығанақ. Аумағы 180 мың шаршы киллометр, ұзындығы 1240 км, енді жері 220 км, орташа тереңдігі 818 метр, ең терең жері 3292 метр. Шығанақта ұсақ аралдар көптеп кездеседі, ірілері – Тубурон, Анхельде-ла-Гуарда. Колорадо өзені шығанаққа солтүстігінен ағып келеді. Суының толқуы жарты тәуліктік (көтерілуі 2,9 м). Климаты субтропиктік. Суының температурасы қыс айларында Солтүстік-батысында 150С-тан Оңтүстік-шығысында 210С-қа дейін, жаз айларында 280С. Тұздылығы 33 – 35,5‰. Балық аулау (тунец, камбала, скумбрия, т.б.) кәсіпшілігі жақсы дамыған. Портты қаласы – Гуаймас (Мексика).