Мазмұнға өту

Иценко-Кушинг ауруы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox disease Иценко-Кушинг ауруы — нейроэндокриндық ауру.

Семіздік, бұлшық ет әлсіздігі, стриялар (сан мен құрсақта терінің созылу жолақтары), шаштың түсуі, терінің құрғауы, жыныс мүшелерінің қызметінің бұзылуы байқалады.

Клиникалық белгілері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Науқастарға бет келбетіне ай тәрізді май жиналу ерекшелігі, климактериялық төмпек тән. Сонымен қатар терінің мрамор түстес өзгеруі, іріңді жаралар, әйелдердің бетіне шаштардың жайыла өсуі, еркектерде гинекомастия белгілері, петехиялар мен қанталаулар, остеопороз және патологиялық сынықтар пайда болады.

Лабораторлық-аспаптық диагностикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • ҚЖА – гемоглобин деңгейінің жоғарылауы, эритроцитоз, ЭТЖ жоғарылауы;
  • ЖЗА – глюкозурия, протеинурия, трипель фосфатурия;
  • ҚБА – гипокалиемия, гипернатриемия, гипергликемия, СФ деңгейігің жоғарылауы, липопротеидтер жоғарылауы, белоктар деңгейінің төмендеуі;
  • Гормондар деңгейін зерттеу – кортиколиберин, эндорфиндер деңгейі, кортикотропин, кортизол, кортикостерон, зәрмен 17-ОКС, 17-КС, паратгормона бөлінуінің жоғарылауы, сомато-, гонадотропиндер, кальцитонин деңгейінің төмендеуі.
  • Краниография, ЯМР және КТ – гипофиз аденомасын анықтайды. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айтбембет Б.Н. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы.Алматы,"Кітап"баспасы.2005ж.568бет.