Испан социалистік жұмысшы партиясы
Испан социалистік жұмысшы партиясы | |
Partido Socialista Obrero Español | |
Құрылған жылы |
1879 жылы 2 мамыр |
---|---|
Штаб-пәтері |
Ferraz, 70. 28008 Мадрид |
Идеологиясы | |
Мүшелер саны |
217 000 (2012) |
Сайты |
Испан социалистік жұмысшы партиясы (ИСЖП) – 1(римский)-Интернационал Испан федерациясы тобының бұрынғы мүшелері 1879 жылы 2 мамырда Мадридте негізін қалаған партия. Испанияның тұңғыш жұмысшы партиясы, испан пролетариатына әлеуметтік бостандық әперу жолындағы ұйымдасқан күрестің басын бастап берді. 1881 жылға дейін жасырын жағдайда жұмыс істейді. Еңбекшілердің жалпыға бірдей одағын құрудың инициаторы болды. 1888 жылы Испан социалистік жұмысшы партиясы 1-съезі саяси өкімет билігі еңбекшілердің қолына өтсін, өндіріс құралдары қоғам меншігіне айналдырылсын деген аса маңызды талаптар қойған программа қабылдады. Қайта өркендеу дәуірінен (1874) кейін басталған Испания тарихының біршама бейбіт кезеңі аяқталуына және империалистік дәуірдің басталуына Испан социалистік жұмысшы партиясы барған сайын оппортунистік жолға түсіп, әлеуметтік реформа партиясына айналды.
1921 жылы сәуірде болған Испан социалистік жұмысшы партиясының 3-төтенше съезінде, Ұлы Қазан төңкерісінің әсерінен туған өрлеу жағдайында, оның революциялық пиғылдағылары партия қатарынан шығып, Испан Коммунистік жұмысшы партиясын құрды, ол 1921 жылы қарашада Испания Коммунистік партиясымен бірікті.
1931 жылы қалыптасқан республикалық социалистік үкімет каолициясының құлауы (1933) Испан социалистік жұмысшы партиясындағы революциялық және оппортунистік тенденциядағылардың күресін шиеленістіруге ықпал етті, партия қатарында үш ағым (реформистік, центристік және сол қанат) пайда болды. Сол қанаттың басшылары Испан социалистік жұмысшыпартиясын шын мәніндегі революциялық партияға айналдыруға қабілетсіз болды. Сондықтан испан халқының ұлттық-революциялық соғысы (1936-39) барысында мыңдаған жас социалистер одан шығып, Испания Коммунистік партиясына қосылды.
Испан социалистік жұмысшы партиясы оң қанатындағыларының антикоммунизмін контрреволюциялық күштер пайдаланды, ал оң қанаттың жетекшісі Х. Бестейро 1939 жылы наурыздағы контрреволюциялық төңкеріске белсене қатысты.
Испанияда фашизм орнағаннан кейін Испан социалистік жұмысшы партиясына тыйым салынды (1939). Испаниядағы демократиялық бостандық үшін күрес барысында партиядағы жас күштер белсенділік көрсетуде. Испан социалистік жұмысшы партиясының 1971 жылы 13-16 тамызда Францияда болған съезі демократияны қалпына келтіруді көздейтін барлық саяси партиялар мен кәсіподақ ұйымдарын бірлесіп қимыл жасауға шақырды. Испан социалистік жұмысшы партиясы Социалистік интернационал құрамына кіреді. Партия басшылығы Тулузада (Франция) тұрады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ совет энцеклопедиясы