Мазмұнға өту

Индрикотерий фаунасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Индрикотерий фаунасы - Жыртқыштар
A.
Индрикотерий фаунасы - Тақтұяқтылар

Индрикотерий фаунасыолигоцен дәуірінің алғашқы жартысында тіршілік еткен алып мүйізтұмсықтар. Индрикотерий фаунасының қазба сүйектері Еуразияның қоңыржай белдемдерінде орналасқан елдерден (Қытайдан Балқан түбегіне дейін) табылған. Ал Қазақстанда Торғай қолатындағы Шалқар соры маңында бірнеше жерден (Шынтұзсай, Мыңескісүйек, Төртмола, Қызылқақ, т.б.) табылған. Осыған байланысты бұл фаунаны «Торғай фаунасы» деп те атайды. Қазақстан жерінен табылған Индрикотерий фаунасын 191213 жылдары алғаш зерттеген Ресей ғалымы, академик А.А. Борисяк (1872 – 1944). Индрикотерий фаунасының негізгі өкілі – индрикотерий (Indricotherium). Дене тұрқы 7 м-дей, биіктігі 5 м-дей болатын ірі жануар. Мойны ұзын, кеудесі қысқа, үш башайлы аяқтары ұзын болған. Мүйізі болмаған. Ағаш, бұта жапырағымен, жас бұтақтармен қоректенген. Бұл алып жануардың тасқа айналған сүйектері Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Зоология ин-тының табиғат мұражайында сақталған. Сондай-ақ Индрикотерий фаунасының құрамынан: кемірушілер (Terrarboreus, Woodomys, Pseudotsaganomys, Steneofiber, Plesiosminthus, Cricetops); қоянтәрізділер (Desmatolagus, Procaprolagus); жыртқыштар (Hyaenodon, Tshelkaria), тақтұяқтылар (Schizotherium, Colodon, Ardynia, Cadurcodon, Paraceratherium, Teniseggysodon): жұптұяқтылар (Entelodon, Hemimeryx, Lophomeryx, Prodremotherium) табылған. Бұлардың арасында ылғалды орман, батпақты жерлерде, керісінше құрғақ, шөлейтті аймақтарда тіршілік еткен түрлер кездеседі. Жердің шөгінді қабаттарының геологиялық жасын анықтауда, ертеде тіршілік еткен жануарлар тарихын зерттеуде Индрикотерий фаунасының маңызы зор.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Сыртқы сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]