Мазмұнға өту

Зүлфікар Әли Бһутто

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Зүлфікар Әли Бһутто

Бһутто, Зүлфікар-Әли(05.01.1928 - 04.04.1978), - Пәкістанның саясатшысы, премьер-министрі және президенті болған.

1928 жылы қантардың 5-ші жұлдызынды Ларнакада (сол кезде Ұлыбританияға қараған Үндістан еді, қазір - Пәкістанның жері) бай мұсылман отбасында туған. Үндістанда, АҚШ-та менен Ұлыбританияда білім алған, Калифорниядағы менен Оксфордтағы университеттерін тамамдаған.

1957 жылында БҰҰ-дағы Пәкістанның өкілдігінде істеді, 1963 жылында Пәкістанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Осы орында Кашмир жөнінде үнді-пәкістандық дауын шешкісі келді, бірақ бұл ісі сәтсіз өтті. Президент Айюб-ханды 1965 жылында Ташкент декларациясына қол қойғаны үшін сынады. 1966 жылы сыртқы істер министрі орнынан кетіп, 1967 жылында оппозициялық Пәкістан халық партиясын құрды. Бһуттоның ұраны: «Ислам — дініміз, демократия — биліктің қалпымыз, социализм — экономикалық жүйеміз». Бһутто батыл өзгерістерінің жақтанушысы еді, демократияны қалпына келтіріп, ислам социализмді орнатқысы келді. 1968–1969 жылдары абақтыға қамалаған еді. 1970 жылы Пәкістан халық партиясы мемлекеттің батыс бөлігінде дауыстарының көпшілігін алды, бірақ шығыс бөлігінде Авами лиг партиясы дауыстарын көпшілігін алып, жалпы мемлекетте сайлауын жеңді. Авами лиг Шығыс Пәкістанның аутономиясы үшін күрескен. Нәтижесінде сол кездегі Пәкістанның президенті Аға Мұхаммад Яхья-хан сайлауларын ақиқат еместігін жарияланды. Бұл себептен азаматтық соғыс басталды. Ақырында Шығыс Пәкістанда тәуелсіз Бангладеш мемлекеті ұйымдастырылды.

Яхья-хан орнынан кетті. 1971 жылы желтоқсанның 21-інде Бһутто президент болып кетті. Яхья-ханмен күресінде көмегі үшін генерал Зия үл-Хақ құрғақ әскерлерін штабының басшысының орнын алады.

Британ Достастығының Бангладештың тәуелсіздігін мойындады. Бһутто Пәкістанның Достастығынан шыққаны туралы жарияланды. 1972 жылының шілде айында Бһутто Индира Гандименен келісті. Келісім бойынша, Үндістан өз әскерлерін шекарадан бұрып жіберетін болды.

1973 жылында Пәкістанның Атазаңы өзгертілді. Өзгерістен кейін, мемлекетте жоғарғы билігі премьер-министрдың қолына түсетін болды. 1973 - 1977 жылдары Бһутто премьер-министр болып істеді. Осы орында Бһутто әлеуметтік өзгерістерін жүргізіп, байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылығын кішейтуін тырысқан, мемлекетте демократиялық тәртібін орнатқан еді.

1977 жылының төңкерісінен кейін, орнынан кетіп, абақтыға түсті. Билікке Зия-үл-Хақ келді. Бһуттоны соттап, 1979 жылы сәуірдің 4-інде өлтіріп жазаланды. Бһуттоның жазалануына қарсы дүниежүзілік қоғам шықты, мысалы АҚШ-тың басшысы Джимми Картер, КСРО-ның басшылары, БҰҰ, тағы басқа мемлекеттер менен ұйымдар Пәкістанның жаңа орнатылған үкіметін Бһуттоны өлтіріп жазаламауға өтінген еді. Бірақ өтініштері сәтсіз қалды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]