Мазмұнға өту

Жулио Сезар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жулио Сезар Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Жулио Сезар Соарес Эспиндола

Туған күні

3 қыркүйек 1979 (1979-09-03) (45 жас)

Туған жері

Дуки-ди-Кашиас, Рио-де-Жанейро, Бразилия

Азаматтығы

Бразилия

Бойы

186

Позиция

қақпашы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
1988—1990 Бразилия Гражау
1990—1997 Бразилия Фламенго
Клуб карьерасы[* 1]
1997—2005 Бразилия Фламенго 130 (−141)
2005—2012 Италия Интернационале 228 (−203)
2005  Италия Кьево 0 (0)
2012—2014 Англия Куинз Парк Рейнджерс 24 (−37)
2014  Канада Торонто 7 (−9)
2014—2017 Португалия Бенфика (Лиссабон) 55 (−32)
2018 Бразилия Фламенго 2 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2004—2014  Бразилия 87 (−70)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Жулио Сезар Соарес Эспиндола (порт. Júlio César Soares Espíndola; 3 қыркүйек 1979[1], Дуки-ди-Кашиас, Рио-де-Жанейро штаты, Бразилия) — бразилиялық футболшы, қақпашы.

Карьерасын "Фламенго" клубында бастап, осы клубта аяқтады. 2004 жылы Еуропаға келіп, миландық "Интернационале" сапына қосылғанымен, командадағы легионер лимиті артып кетіп, Жулио "Кьевоға" жалға кетті. Бірақ бір маусым бойы бір рет те алаңға шықпай, "Интерге" қайта оралды. Командадағы Франческо Тольдо спортпен қоштасқан соң Жулио негізгі қақпашыға айналды. 2010 жылы "Интер" чемпиондар лигасын ұтып алды да, Жулио Сезар турнирдің үздік қақпашысы атанды.

2010 жылы команда бапкерлігінен Жозе Моуриньо кеткен соң "Интердің" ойын деңгейі түсіп кетті де, белді футболшылардың көбі басқа командаларға ауысты. Жулио да "Куинз Парк Рейнджерске" өтті.

Кейін Канаданың "Торонто", Португалияның "Бенфика" клубтарында ойнап, 2018 жылы "Фламенгоға" қайта оралды. Ұзақ ойнаған жоқ, екі рет алаңға шықты да, футболмен қоштасатынын мәлімдеді.

Ұлттық құрамада

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бразилия құрамасы сапында 2004 жылы 8 шілдеде тұңғыш рет алаңға шықты. Біраз жылдарға дейін негізгі құрамға Диданың көлеңкесінде қап шыға алмай жүрді де, Дида кеткен соң құраманың тұрақты қақпашысына айналды.

2014 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен соң 35 жастағы Жулио құрамамен қоштасты. Құрама сапында барлығы 87 ойын өткізді. 2010, 2014 жылдары әлем чемпионатына, 2009, 2013 жылдары Конфедерациялар кубогына, 2004, 2011 жылдары Азия кубогына қатысты.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Командалық

«Фламенго»
  • Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (4): 1999, 2000, 2001, 2004
  • Бразилия чемпиондар кубогы: 2001
  • Меркосур кубогы: 1999
  • Гуанабара кубогы (3): 1999, 2001, 2004
  • Рио кубогы: 2000
«Интернационале»
  • Италия чемпионы (4): 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2009/10
  • Италия кубогы (3): 2006, 2010, 2011
  • Италия суперкубогы (4): 2005, 2006, 2008, 2010
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2010
  • Чемпиондар лигасы: 2010
«Бенфика» (Лиссабон)
  • Португалия чемпионы (3): 2014/15, 2015/16, 2016/17
  • Португалия кубогы: 2016/17
  • Португалия лига кубогы(2): 2014/15, 2015/16
  • Португалия суперкуогы (2): 2016, 2017

Бразилия

  • Америка кубогы: 2004
  • Конфедерациялар кубогы (2): 2009, 2013

Жеке

  • Чемпиондар лигасының үздік қапашысы: 2010

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]