Мазмұнға өту

Ергежейлі планеталар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Церера
Плутон

Ергежейлі планеталар — Күнді басқа планеталар секілді айналып жүретін, алайда айналасына жарық шығармайтын планеталар. Халықаралық астрономиялық одақ (ХАО) 2006 жылы «ергежейлі планеталар» деген терминді қабылдады . Сол жылы Күн жүйесінің тоғызыншы және ең шеткі планетасы саналған, Койпер белдеуі жанында айналып жүретін Плутонның статусы да ергежейлі планета деп өзгертілді.

Койпер белдеуінде, Күннен 5 906 372 947 шақырым қашықтықта айналып жүреді. Ол Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналады. Бір рет айналып шығуға шамамен 248 жыл кетеді. Плутонда негізгі бөлігі метан мұзынан тұратын жұқа атмосфер бар. Бұл планетаның Харон, Гидра, және Никс деген үш айы бар. Плутонның беті - Күн жүйесіндегі ең салқын аймақтардың бірі. Ондағы температура шамамен -2250С деген болжам бар. Плутонды 1930 жылы америкалық астроном Клайд Томбо ашты.

Плутоидтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Плутонға ұқсас, Нептун орбитасынан шетірек айналып жүретін ергежейлі планеталар Плутоидтар деп аталды. Бұл терминді ХАО 2008 жылы қабылдады. Қазіргі уақытта Плутон, Эрида, Макемаке және Хаумеа деген төрт плутоид белгілі.

Эрида

Эриданы 2005 жылдың шілдесінде Калифорния технология институтының астрономы Майк Браун бастаған астрономдар тобы анықтады. Оның диаметрі 3 000 шақырымға жуық. 2006 жылдың 24 тамызында ХАО оны ергежейлі планеталар категориясына енгізді.

Макемаке

Макемаке — ең үлкен ергежейлі планеталардың бірі. Бұл планетаны 2005 жылдың 31 наурызында Майк Браун бастаған астрономдар тобы анықтады. Макемаке Плутон және Эридаға қарағанда кішірек келеді. Ғалымдардың ойынша, оның диаметрі 1 300-ден 1 900 шақырымға дейін жетеді.

Хаумеа

Хаумеа — Гавай аңыздарындағы дүниеге бала келуіне көмектесетін құдайдың атымен аталған ергежейлі планета. Оның пішіні сопақша, орбитасы Күннен өте алыста, Койпер жолағында орналасқан. Хаумеаның Күнді бір рет айналып шығуы үшін 285 жыл кетеді. Бұл ергежейлі планетаның Хиака және Намака деген екі айы бар. Олардың екеуі де 2005 жылы ашылған.

Церера бұрын астероид саналатын, 2006 жылы ергежейлі планета санатына енгізілді. Ол астероидтар жолағында орналасқан және сол жолақтағы ең үлкен дене болып есептеледі. Церераны 1801 жылдың 1 қаңтарында Джузеппе Пиацци ашты.    

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Планеталар энциклопедиясы