Мазмұнға өту

Гарринча

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Гарринча Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Мануэл Франсиску душ Сантуш

Лақап аттары

Футбол Чарли Чаплины, Гауличо

Туған күні

28 қазан 1933 (1933-10-28)

Туған жері

Пау-Гранди, Бразилия

Қайтыс болған күні

20 қаңтар 1983 (1983-01-20) (49 жас)

Азаматтығы

Бразилия Бразилия

Бойы

169

Салмағы

72

Позиция

шабуылшы

Жастар клубы
1947—1952 Бразилия Пау-Гранде
Клуб карьерасы[* 1]
1953—1965 Бразилия Ботафого 236 (85)
1966 Бразилия Коринтианс 4 (0)
1967 Бразилия Португеза (Рио-де-Жанейро) 1 (0)
1968 Колумбия Атлетико Хуниор (Барранкилья) 1 (0)
1968—1969 Бразилия Фламенго 8 (0)
1971—1972 Бразилия Олария 8 (0)
1953—1972 Барлығы 257 (85)
Ұлттық құрамы[* 2]
1955—1966  Бразилия 60 (17)[1]
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Мануэл (Манэ) Франсиску дус Сантус (порт.-браз. Manuel «Mané» Francisco dos Santos; 28 қазан 1933 жыл, Пау-Гранди20 қаңтар 1983 жыл, Рио-де-Жанейро), Гарринча (Гарринша; порт.-браз. Garrincha) атымен жақсы танымал — бразилиялық футболшы. Шабуылшы, футбол тарихындағы ең мықты шабуылшылардың қатарына кіреді[2][3]. Бразилия футболы тарихындағы Пеледен кейінгі екінші орында.

«Ботафого» cапында

Оның тегі афро-бразилиялық. Отбасындағы алты перзенттің үлкені.

Гарринчаның табиғи ерекшелігі: бір аяғы қысқалау болған, ол кемшілікті түзетуге ешқандай ота жәрдем бермеген. Соған қарамастан бала кезінде-ақ өз қатарластарынан футболды әлдеқайда жақсы ойнаған.

Карьерасының көп бөлігі "Ботафого" сапында өткен. Клуб сапындағы алғашқы ресми ойынын 1953 жылы 19 шілдеде "Бонусессо" клубына қарсы өткізіп, хет-трик жасады (бір голы пенальтиден). Бұл ойында "Ботафого" 6:3 есебімен жеңске жетті. Алғашқы маусымда 20 гол соғып, чемпионаттағы мергендер көшінде екінші орын алды. "Ботафогода" 1966 жылға дейін тұрақты ойнап, сол жылы қаңтарда "Коринтиансқа" ауысты. Клубтағы соңғы ойынын 1965 жылы 15 қыркүйекте "Португезеге" қарсы өткізді (2:1).

Карьерасының соңында бірнеше клуб ауыстырды. 1972 жылы футболмен қоштасқан соң, 1973 жылы 18 желтоқсан күні "Мараканада" қоштасу матчы өтті. Бразилия құрамасы мен Әлем құрамасы кездесіп, Бразилия 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчты 133 555 адам тамашалады.

Өмірінің соңғы шағында бірнеше рет ауруханаға түсіп, 1983 жылдың басында науқастан қайтыс болған. Туған қаласы Пау-Грандиге жерленді.

Құрама сапында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1958, 1962 жылдары әлем чемпионы атанған. Құрама сапында тұңғыш рет 1955 жылы 18 қыркүйекте Чилиге қарсы жолдастық ойында алаңға шықты. Футболдан 1958 жылғы әлем біріншілігінде топтық турнирдің үшінші турындағы КСРО-ға қарсы матчта тұңғыш рет Пелемен бірге алаңға шықты. Көп ұзамай негізгі құрамнан орын алып, құраманың жетекшілерінің біріне айналды.

Гарринча үш әлем чемпионатына қатысты — 1958, 1962, 1966. 1966 жылғы әлем чемпионаты бразилиялықтар үшін сәтсіз болды да, Гарринча турнирден соң ұлттық құрамамен қош айтысты.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Рио-де-Жанейро шатының жеңімпазы: 1957, 1961, 1962
  • Рио — Сан-Паулу чемпионатының жеңімпазы: 1962, 1964, 1966
  • Әлем чемпионы: 1958, 1962.
  • Төрт футболшымен бірге 1962 жылғы әлем чемпионатының мергені атанды.
  • Освальдо Круз кубогы: 1958, 1961, 1962
  • Рока кубогы: 1960

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. По rsssf.com Гарринча Бразилия сапында 12 гол соқты
  2. Brittanica:Garrincha. Brittanica. Басты дереккөзінен мұрағатталған 31 қаңтар 2011. Тексерілді, 19 наурыз 2010.
  3. PlayersBios:Garrincha. hallofchampions.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 31 қаңтар 2011. Тексерілді, 19 наурыз 2010.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]