Мазмұнға өту

Гармония

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гармония (көне грекше: ἁρμονία-үйлесім, үндестік, сымбаттылық, жарасым) - көркемөнер туындыларының барлық компоненттерінің өзара үйлесімді байланысуын, үндесе жарасуын білдіретін эстет. категория. Гармония - өсімдіктің ең негізгі белгілерінің бірі; 1) архитектурада - құрылыстың жеке бөліктерінің өзара үйлесімділігі, пропорц. келісімділігі; 2) кескіндеу өнерінде - бөлшектердің тек мөлшері бойынша ғана емес, түсі мен түрі, өзара сәйкесуі, үйлесуі; 3)музыкада - дыбыстардың сазды үндерінің заңдылықпен біріктірілуі және бұлардың ауысуында болатын байланыстарды белгілеу, яғни үйлестіру, әуездеу құралы. Үндестіктің негізгі түрі - аккорд. Гармония ладтардың белгілі заңдылықтарына құралады. Көпдауысты музыка (гомофония, полифония) әуендерінің қозғалысы (дамуы) нәтижесінде туады. Гармония - музыкада пішін тудырудың негізгі факторы. Музыка шығарманың композициясында тональдік, модуляция, каденция сияқты гармониялық ладтық құралдар ерекше роль атқарады. Гармония даму барысында жаңа құрал-тәсілдермен байып, өзгеріп отырады. Әр халықтың және әр заман композиторларының алуан түрлі стилі қалыптасады. Гармония мелодия, ырғақ және басқа муз. компоненттермен бірлікте көркем ойды жүзеге асыруға қатысады, акустик., физикалық -ол. және психол. шарттастықтарға негізделеді. Гармония, яғни Г. туралы ғылым-музыка теориясының аса маңызды және жан-жақты зерттеліп, жетілдірілген салаларының бірі. Гармония пән ретінде кәсіби музыка білім берудің бірден-бір негізі болып табылады.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1