Винкстер клубы
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Винкстер клубы — Nickelodeon шығарған қиял-ғажайып мультсериал.
Алғашқы сериясы 2004 жылы Италияда көрсетілді. Режиссері — Иджинио Страффи.
Басты кейіпкерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Блум — Айдаһар отының перизаты.
Блум 10 желтоқсанда Домино планетасында туды, бірақ Жерде өсіп, тәрбие алды. Ол Винкстер клубының негізін қалады. Ол кітап оқуды және тамақ дайындауды ұнатады. Оның басты құндылығы — жанұя. Ол клубтағы қыздардың ішінде ең мықтысы.[1]
Муза — әуен перизаты.
Муза 30 мамырда туды. Ол үнемі құлаққаптармен жүреді, билеуді ұнатады, флейтада жақсы ойнайды. Винкстердің өз музыкалық тобын құрастыруға себепші болды.
Текна — технология перизаты.
Ол 16 желтоқсанда туды. Гаджеттерді және дельфиндерді қатты жақсы көреді. Әр мәселеге ұқыпты қарайды және шешімдерді логикалық тұрғыдан айтып ұсынады. Киім-кешекке онша үйір емес.
Флора — табиғат перизаты.
Ол 1 наурызда туды. Табиғаттан басқа поэзияны және сурет салуды ұнатады. Өсімдіктерден күш сұрай алады.
Лейла — толқындар перизаты.
Ол 15 маусымда туды. Билеу мен спортпен шұғылдануға үйір. Ол екпінді, бірақ қыңыр адам. Ол жаулармен шайқасқанда, Морфикс деген ерекше сұйықтықты қолданады.
Стелла — жарық күн перизаты.
Стелла 18 тамызда туды. Ол Солярия ғаламшарының ханшайымы. Ең креативалық қыз болып, әрдайым шоппинг жасауға асығады. Оның гардеробы дүниеде ең зор болып саналады. Ол оқуды онша ұнатпайды, оның орнына балалармен жүргенді дұрыс деп көреді.
Құдіретті күш түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Чармикс — осал қасиеттерін жеңгенде пайда болатын трансформация, ол сиқырды сиқырлы емес әлемдерде қолдануға мүмкіндік береді.
- Энчантикс — біреу үшін пидалық жасағанда болатын трансформация, ол қараңғы сиқырдың күшін жояды және кішіреюге мүмкіндік береді.
- Блумикс — Айдаһар оты негізінде жасалған трансформация.
- Мификс — Легендариумның аңыздарына жүгіне алу мүмкіндігін береді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Stefania Olivieri. Winx Club. Guida al mondo magico. — Mondadori, 2019. — ISBN 978-8-8047-1582-5.