Вашингтон университеті
Вашингтон университеті | |
Университет атауы | |
---|---|
Халықаралық атауы | University of Washington |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1861 |
Түрі | қоғамдық |
Бюджет | $ 2,3 млрд. |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Сиэтл, Вашингтон, АҚШ |
Кампус | қалалық (2,8 км²) |
Әкімшілік | |
Президенті | Майкл Янг |
Негізгі көрсеткіштер | |
Оқытушылар | 5 803 |
Студенттер | 39 782 |
Бакалавриат | 28 754 |
Магистратура | 13 695 |
Сайты | Ресми сайты |
өңдеу |
Вашингтон университеті (ағылш. University of Washington) — 1861 жылы Сиэтлда Вашингтон штатының әкімшілігінің қолдауымен құрылған университет. Студенттер саны (43 мыңға жуық) бойынша және бюджет (3100 млн доллар, 2005) көлемі бойынша солтүстік-батыс АҚШ-тағы ең ірі университеттердің бірі.
Университеттің ғимараттары Сюзалло неоготикалық кітапханасы көзге түсетін, Қызыл алаңнын маңында топтастырылған. Университетте Хенри атындағы көркем галерея мен Бёрк атындағы табиғи тарих мұражайы жұмыс жасайды. Жаңа ғимараттардың салынуы Билл Гейтс пен Пол Алленнің демеушілігінің арқасында жүзеге асырылып жатыр.
2008 жылы Вашингтон университетінің сегіз түлегі Нобель сыйлығына үміткер болды. Университеттердің академиялық рейтингінде 15-ші орынды (2015) және UniPage рейтингінде әлем бойынша 30-шы орынды иеленді. 1961 жылы университетте эксперименттік ядролық реактор іске қосылды.
Танымал түлектер мен ұстаздар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Вайли, Таррелл
- Вистурс, Эд
- Д. Стиллсон Джуда
- Поппе, Николай Николаевич