Брюс Ли
Брюс Ли | |
Bruce Lee, 李振藩 | |
Туған кездегі есімі |
Ли Сяолун |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Әкесі |
Ли Хойчэнь |
Анасы |
Грейс Хо |
Жұбайы |
Линда Эмери |
Балалары |
Брэндон Ли, Шеннон Ли |
Қолтаңбасы | |
Сайты |
https://brucelee.com/ |
Брюс Ли (ағылш. Bruce Lee); туған кезіндегі аты — Ли Сяолун (қыт. 李小龙, ағылш. Li Xiaolong, ересек кезіндегі аты — Ли Чжэньфань (қыт. 李振藩, ағылш. Lee Jun-fan); 27 қараша 1940 жыл, Сан-Франциско — 20 шілде 1973 жыл, Гонконг) — шығыс жекпе-жегінің шебері, АҚШ және Гонконг киноактёрі, сондай-ақ кинорежиссёр, продюсер және сценарийші.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1940 жылы 27 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласында дүниеге келген. Қытайда Ли Сяо Лун, Ли Дженфан есімдерімен де танымал. Бала кезінен фильмдерге түсе бастаған.
Кино мансабында 36 фильмге түскен. Батысқа Шығыс жекпе-жегін танытқан. Оның өмірі мен шығармашылығы жайлы 30-ға тарта фильм түсірілген. XX ғасырдың екінші жартысында Еуропа елдері мен АҚШ-та шығыс жекпе-жегінің жұлдызы ретінде кеңінен танылған. Кунг-фу және тайцзицюань өнерін меңгерген. Сонымен қатар бокспен және дзюдомен айналысқан. «Джит Кун-до» деген атпен кунг-фудың өзіндік стилін жасап шығарған. 1971 жылы отбасымен Гонконгқа көшіп келеді. 1973 жылы 20 шілдеде Гонконгта 32 жасында қайтыс болған.
Фильмография
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1941 — Алтын қақпадағы қыз (сәби)
- 1948 — Байлық туралы арман
- 1949 — Sai See in the Dream (Сэй Си)
- 1950 — Балақай Чунг
- 1951 — Бүлдіршін (/менің ұлым А Чунг)
- 1951 — Балалық шақ
- 1953 — A Myriad Homes
- 1953 — Әкейдің кінәсі
- 1953 — Ананың көз жасы
- 1953 — In the Face of Demolition
- 1955 — Махаббат
- 1955 — Махаббат (2 бөлім)
- 1955 — Жетімнің қасіреті
- 1955 — Адал әйел
- 1955 — Жетімнің әні
- 1955 —
- 1956 — Ажырасуға кештік қылады
- 1957 — Нөсер
- 1957 — Аяулы қыз
- 1958 — Жетім (А Сан)
- 1966—1967 — Жасыл шершень (Като)
- 1968 — Марлоу (эпизодтық роль)
- 1971 — Үлкен босс (Чжэн Чаоань)
- 1972 — Тентектің жұдырығы (Чэнь Чжэнь)
- 1972 — Айдаһардың жолы (Тан Лунг)
- 1973 — Айдахар (Ли)
- 1978 — Өліммен ойын (Билли Ло)
- 1981 — Өлім мұнарасы (Билли Ло)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|