Мазмұнға өту

Бруцеллёз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бруцеллёз (мальта қызбасы). Бұл ауру осы аурумен ауыратын малдың сүтін ішуден болады. Ол сондай-ақ терідегі жырындылар мен жаралар арқылы организмге тарайды, бұл жағдай ауру малдарды күтіп-бағатын адамдарда жиі кездеседі, сонымен қатар ауру зақымданған ауамен демалған кезде тыныс жолдары арқылы да денеге түседі. Бруцеллез-бруцеллалармен шақырылатын қоздырғышы әртүрлі механизммен берілетін , клиникасында созылмалы қызбамен, қимыл-қозғалыс аппаратының, жүйке жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің, зәр шығару жүйесінің және т.б жүйелердің зақымдалуымен жүретін, созылмалыға ауысуға бейім, инфекция-аллергиялық, зоонозды инфекциялық ауру.

Бруцеллёзбен ауыратын науқас

Бруцеллёз қазақша: Сарып[1]

Этиологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Brucella тұқымына 6 түр кіреді: Br.melitensis- Қазақстанда жиі кездеседі Br.abertus Br.suis Br.cauris Br.neotomae Шар тәрізді, грам «-», эндотоксин бөліп шығарады, S-форма түзеді, сыртқы ортаға кең төзімді.

Бруцеллёз қоздырғышы

Эпидемиологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барлық жерде кең таралған. Инфекция көзі: ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқалар, маралдар және адамдар. Таралу механизмі: фекальды-оральды. Берілу жолдары: қатынас арқылы (зақымдалған тері)

  • алиментарлық
  • ауа-шаң (аэрогенді)

Көбінесе малшылар, шопандар, ауыл тұрғындары ауырады.

Инфекцияның мүмкін болатын көздері

Патогенезі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бруцеллалар ағзаға тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді, сосын макрофактормен ұсталып, сол жерде көбейеді де, лимфа ағынымен регионарлық лимфа түйіндеріне енеді. Содан соң қан тамырлар арқылы бүкіл ағзаға жайылады. Патогенезінде инфекцияның дамуы бес фазадан өтеді:

  1. лимфогенді фаза
  2. гематогенді фаза
  3. көп ошақты себу жайылу фазасы
  4. экзоошақты себу фазасы
  5. метомффоз фазасы

Әр фазаның көрінуі және олардың дамуы организмнің индивидуальды ерекшелігіне байланысты, кіру жеріне, түріне қоздырғыш дозасына және зақымдану шартына байланысты.

Патоморфологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бруцелледегі негізгі зақымдану тамыр жүйесі жағынан болғандықтан (энда, - пери,- панваскулиттер, тромбоваскулиттер) поли ошақтық ағзалардың патологиясы байқалады.

  • Ол ыстық көтеріліп, қалтырап дірілдеуден басталуы мүмкін, бірақ әдетте бірте-бірте, тез шаршау, әлсіздіқ асқа тәбеттің болмауы, бастың асқазанның буындардың ауыруы формасында өрбиді.
  • Ыстықтың көтерілуі жеңіл және ауыр формада болуы мүмкін. Түстен кейін қалтырап-дірілдеу және ертеңгісін малшынып терлеп қалу бұл ауруға тән белгі. Созылмалы бруцеллёзде ыстық бірнеше күн басылады да сосын қайта көтеріледі. Тиісті ем қолданбаса, бірнеше жылға созылуы мүмкін.
  • Мойында, қолтықтың астында, шапта ісінген лимфа түйіндері пайда болуы мүмкін.

Клиникалық симптомдары орташа алғанда 2-3 апта өтуімен сипатталады. Жіктелуі:

  1. Ағымы бойынша:
    1. жеңіл
    2. орташа
    3. ауыр
    4. латентті
  2. Ұзақтығы бойынша:
    1. жедел (3 айға дейін)
    2. жеделдеу (6 айға дейін)
    3. созылмалы (6 айдан кейін)
    4. ирезидуальды

Жедел бруцеллездегі симптомдар:

  • Әр түрлі сипаттағы қызба (толқын тәріздес, ремиттирлеуші, субфебрильді) 1-2 аптадан 2-3 айға дейін.
  • Қалтырау және тершеңдік
  • Жалпы интоксикациялық синдром (бас ауру, әлсіздік)
  • Микрополиаденит
  • Гепатомиенальдық синдром
  • Қысқа мерзімдік әлсіз немесе айқын түрдегі артралгия, миалгиялар.

Жеделдеу бруцеллезге тән симптомдар:

  1. айқын интоксикация
  2. ағзалар мен жүйелер зақымдану симптомдары:
  • полиартрит, бруссит, спондилоартриттер, спондиметтер
  • менингит, менингоэнцефалит, миелит, энцефалит
  • эндокардит, миокардит, перикардит
  • нефриттер, нефроздар
  • түсіктер, бедеулік, жатыр түтікшелерінің қабынуы, менистризация циклінің бұзылуы
  • орхит

Созылмалы бруцеллезге тән симптомдар:

  • Висцеральды түрі:
    • жүрек-қантамыр жүйесі
    • тыныс алу жүйесі
    • гепателиенальды синдромдармен жүреді
  • Сүйек буын түрі:
    • буындар
    • сүйектер
    • жұмсақ тіндер
    • аралас түрде зақымдану
  • Нервтік түрі:
    • орталық жүйке жүйесі
    • перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуы
    • психобруцеллез
  • Урогенитальді түрі
  • Клиникалық араласқан түрі

Балалардағы бруцеллездің клиникалық ерекшеліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Негізгі жұғу жолы: алиментарлы (қайнатылмаған сүт арқылы)
  2. Ауру біртіндеп басталады
  3. Көбінесе қызба болмайды, субфибрильді болады
  4. Терісі бозғылт, эрт. бөртпелер байқалады, 9-15%
  5. Лимфа түйіндері сирек үлкейеді
  6. Тірек-қимыл жүйесі жағынан әлсіз өзгерістер байқалады
  7. Перифериялық-жүйке жүйесі, зәр шығару жүйесі сирек зақымданады.
  8. Негізгі аяқталуы- сауығу.

Диагностикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. бактериологиялық: гемакультура жұлын сұйықтығы, синовиальды сұйықтықты қолдану
  2. биологиялық (теңіз шошқаларын зақымдау)
  3. иммунды ферментті анализді антиген, антидене табу үшін
  4. агрегатгемаглютинация әдісі (АГАР)
  5. серологиялық әдіс: комплемент байланыстыру реакциясы (КБР)
  6. аллергиялық әдіс (ГЗТ)-Бюрне сынамасы

Диф.диагностикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Іш сүзегімен, Қу-қызбамен, грипп, безгек, эпидемиялық бөртпе сүзегімен, Бриль ауруымен жүргізіледі.

Емдеу жолдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Этиотропты: рифампицин, доксициклин, тетрациклин

  • қабылдауға қарсы: вольтарен, напроксен
  • дезинтокциялық: тек ауыр түрінде
  • антигистаминді
  • иммунды жүйені қалыптастыру: левамизол, тимамен
  • витаминтерапия
  • физио және симптомдық
  • санаторлы-курортық
  • Бруцеллёзден сезіктенсеңіз дәрігерден кеңес алыңыз, өйткені көп жағдайда бұл ауру-мен басқа аурупарды шатастырады, ал емдеу үшін көп уақыт та, қаржы да шығын болады.
  • Тетрациклинмен емдеңіз: ересектер: 250 миллиграмдық капсулды күніне 4 рет екі түйірден үш апта ішу керек. Сақтану шараларын орындаңыз. Немесе ко-тримоксазол ішіңіз.

Диспансеризация

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жедел және жеделдеу түрінде 3 жыл. Созылмалы түрінде әр 3 ай сайын тексерілуі керек.

  • Қайнатылған немесе пастерленген сүтті ішіңіз. Бруцеллёз тараған жерлерде қайнатыпмаған сүттен дайындалған ірімшікті жеуден тартынған жөн.
  • Ауру малдарды бағып-күткен кезде аса сақ бопыңыз, әсіресе сіздің денеңізде жы-рылған немесе тілінген жер болса.
  • Ветеринария қызметкерлерімен кеңесіңіз, қолыңыздағы малдың денсаулығын қадағалап отырыңыз.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”,II-том
  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

  • Harrison’s Principles of Internal Medicine, 14th Edition, McGraw-Hill, Health Professions Division
  • ΕΣΩΤΕΡΙΚΗ ΠΑΘΟΛΟΓΙΑ ΑΠΘ, ΤΜΗΜΑ ΙΑΤΡΙΚΗΣ-ΤΟΜΕΑΣ ΠΑΘΟΛΟΓΙΑΣ, ΔΙΕΥ/ΤΗΣ: ΚΑΘΗΓΗΤΗΣ Μ.ΠΑΠΑΔΗΜΗΤΡΙΟΥ
  • Справочник по инфекционным болезням, проф. Л. А. Тришкова, доц. С. А. Богатырёва

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!