Борис Леонидович Пастернак
Борис Леонидович Пастернак | |
Борис Пастернак | |
Туған кездегі есімі |
Борис Исаакович Постернак[1] |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы |
Ресей империясы |
Мансабы | |
Шығармашылық жылдары | |
Бағыты | |
Шығармалардың тілі | |
Дебюті |
«Лирика» топтамасында шығарма (1912) |
Марапаттары | |
Қолтаңбасы | |
Борис Леонидович Пастернак (10 ақпан 1890, Мәскеу - 30 мамыр 1960, Переделкино, Мәскеу облысы) – орыс совет жазушысы. Мәскеу университетінің тарих және филология факультетінде оқып білім алды (1909-1912). Алғашқы өлеңі 1913 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы – «Бұлттағы егіздер» 1914 жылы жарық көрді. Пастернактың шығармашылық жолы бір келкі емес. Әр түрлі ағымдар мен идеялық адасушылықтың ықпалында болды. Оның ертеректегі «Кедергіден жоғары» (1971), «Менің серігім - өмір» (1922) т.б. поэзиялық кітаптарында символизмнің әсері бар. Пастернактың шығармашылығы өрлеу жылдарында жазған шағармалары – «Дендеген дерт» (1924-1928) поэмасында Ленин образын бейнеледі, «Лейтенант Шмидт» (1926-1927), «Тоғыз жүз бесінші жыл» (1925-1926) поэмаларында бірінші орыс революциясы кезеңін тартымды суреттеді. Бұл шығармаларды кезңнде Максим Горький ұнамды бағалады. «Қайта өркендеу» (1932), «Әдепкі сапарларда» (1943) т.б. поэзиялық және прозалық туындыларында Пастернак үлкен суреткер ретінде танытылды. Пастернак – шебер аудармашы. Пастернак КСРО Жазушылар одағы мүшелігінен шығарылды. Ол өзіне берілген Нобель сыйлығынан (1958) бас тартты.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Борис Пастернак. Биография, поэзия и проза. pasternak.niv.ru. — Сайт, посвященный Б. Л. Пастернаку. Тексерілді, 23 тамыз 2013.
|