Мазмұнға өту

Боливия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар: 16°42′43″ о. е. 64°39′58″ б. б. / 16.71194° о. е. 64.66611° б. б. / -16.71194; -64.66611 (G) (O) (Я)
Көпұлтты Боливия мемлекеті
ис. Estado Plurinacional de Bolivia
кеч. Buliwya Achka nasyunkunap Mama llaqta
айм. Wuliwya Suyu
гуар. Tetã Volívia
Байрақ Елтаңба
Ұран: «¡La unión es la fuerza!
(Үлгі:Tr-es
Әнұран: «Bolivianos, el hado propicio»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 6 тамыз 1825 жыл (Испаниядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері испан тілі, кечуа, аймара, гуарани және басқа 33 тіл.
Елорда Сукре (Конституция бойынша)
Ла-Пас (Мемлекеттік мекемелер орналасқан)
Ірі қалалары Санта-Крус-де-ла-Сьерра, Эль-Альто, Ла-Пас, Кочабамба
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Эво Моралес
Альваро Гарсиа Линера
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 27-ші орын
1 098 581 км²
1,29
Жұрты
• Сарап (2019)
Тығыздығы

11 428 245[1] адам (83-ші)
10,4 адам/км² (224-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

95,088 млрд. $ (92-ші)
8,320[1] $ (125-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

45,045 млрд. $ (95-ші)
3,942 $ (122-ші)
АДИ (2017) 0,693[2] (118-ші)
Этнохороним боливиялық, боливиялықтар
Валютасы Боливиано
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .bo
ISO коды BO
ХОК коды BOL
Телефон коды +591
Уақыт белдеулері UTC−4:00, America/La_Paz және America/Cochabamba

Боливия (ис. Bolivia, кеч. Buliwya, айм. Wuliwya, гуар. Volívia), ресми атауы — Көпұлтты Боливия мемлекеті (ис. Estado Plurinacional de Bolivia [esˈtaðo pluɾinasjoˈnal de βoˈliβja]) — Оңтүстік Американың орталығындағы мемлекет.

Боливия солтүстігінде және солтүстік-шығысында Бразилиямен, оңтүстік-шығысында — Парагваймен, оңтүстігінде — Аргентинамен, оңтүстік-батысында және батысында — Чили және Перумен. Теңізге шығатын жолы Чили 1879 жылы Антофагаста портың басып алғаннан кейін жоқ.

Толық мақаласы: Боливия тарихы
Потоси қаласы

Мемлекеттік құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Республика. Мемлекет басшысы мен үкімет басшысы — президент, 5-жылдық мерзімге халықпен сайланады. 2006 жылдың қаңтардың 22нен — Хуан Эво Моралес. Президент үкіметті басқарады, министрлер кабинетін тағайындайды, қарулы күштер жоғарғы басшысы бойлып табылады.

Сайлау жай көп дауыс жинаған үміткер (50 %дан астам) президент деп танылады. Одан да анықтала алмаса парламент біріккен отырысында басым дауыс жинаған екі үміткердің бірін таңдайды.

2009 жылғы қаңтарда референдума нәтижесінде конституцияға өзгеріс енгізіліп (үндістерге айрықша құқық пен экономикаға мемлекеттік бақылау жайлы) кезекті президенттік және парламент сайлаулары мерзімінен бырын, 6 желтоқсанда 2009 жылы өткізілді. Моралес екінші рет сайлауға қатысуға рұқсат алып сайлауда айқын жеңіске жетті (60 %дан артық дауыс жинап).[6]

Екі-палаталы парламент — 36 сенатор және 130 депутат, 5 жылға сайланады.

Саяси партиялары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2009 жылдың желтоқсанындағы сайлау бойынша:

  • Социализмге қарай қозғалысы — солшыл (басында Моралес), 26 сенатор, 88 депутат.
  • Боливия үшін прогрессивті жоспар — оң-центристік, 10 сенатор, 37 депутат
  • Ұлттық бірлік майданы — центристік, 3 депутат
  • Әлеуметтік одақ — центристік, 2 депутат

Боливияда тағы 6 парламентте орын алмаған заңды партия бар.

Саяси жағдай

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ла-Пас қаласының орталығы, Боливияның әкімшілік орталығы
Uyuni

Эво Моралес (лақап аты Эль Эво) — Боливия тарихындағы бірінші үндіс президент.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Боливия провинциясы.

Әкімшілік-территориялық жағынан Боливия 9 департаментке бөлінеді. Ал департаменттер провинцияларға бөлінеді.

Географиялық мағлұмат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Боливия физикалық картасы

Боливияның жер ауданы 1 098 580 км². Ол әлем бойынша жер ауданы жағынан 27 орында.

Боливиялық Альтиплано түстері

Боливия 1879 жылдан бері теңізбен шектеспейді — сол жылы ол өзінің жағалаулық Антофагаста аймағын Екінші тынық мұхиттық соғысы нәтижесінде Чилиге беріп қойған. Дегенмен Атлант мұхитына Боливия шыға алады — Парагвай өзені бойынша.

Боливия территориясында алуан түрлі эко-аймақ бар. Елдің батысында Анд таулы аймағы, Альтиплано үстіртімен бірге. Шығысында төменгі жазықтары амазондық кең Тропикалық ормандер мен Чако аймақтатын қамтиды. Елдегі ең биік нүкте — Орурода орналасқан Сахама (6542 м) өшкен жанартауы. Титикака көлі Боливия мен Перу шекарасында орналасқан. Әлемдегі ең үлкен Уюни сортаңы елдің оңтүстік-батысында, Потосида орналасқан.

Боливияның ірі қалалары: Ла-Пас, Эль-Альто, Санта-Крус-де-ла-Сьерра және Кочабамба.

Боливия бес елмен құрлықтық шекарасы бар: Аргентинамен — 832 километр, Бразилиямен — 3423 километр, Чили — 860 километр, Парагваймен — 750 километр, және Перумен — 1075 километр.

Сыртқы сауда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Экспорт — 6,4 млрд долл. (2008) — газ, соя, шикі мұнай, мырыш рудасы, қалайы.

Негізгі сатып алушылар — Бразилия 60,1%, АҚШ 8,3%, Жапония 4,1%.

Импорт — 4,6 млрд долл. (2008) — мұнай өнімдері, продовольствие, автомобилдер.

Негізгі сатушылар — Бразилия 26,7%, Аргентина 16,3%, АҚШ 10,5%, Чили 9,5%, Перу 7,1%, Қытай 4,8%.

Толық мақаласы: Боливия халқы
Толық мақаласы: Боливиялықтар

Халық саны — 11,8 млн (2021 жылғы бағалау).

Жылдық өсім — 1,7% (фертильность — 3,1 туу бір әйелге).

Орташа өмір сүру жасы — 64 жыл еркектре, 7жыл әйелдер.

Ұлттық-нәсілдік құрамы — үндістер 55% (негізі кечуа және аймара), метистер 30%, ақтар 15%.

Тілдер — 3 ресми тіл: испан 60,7%, кечуа 21,2%, аймара 14,6%; басқа тілдер 3,6% (2001 жылғы санақ бойынша).

Дін — католики 95%, протестант (інжілдік методисттер) 5%.

Сауатттылық — 93% еркек, 80% әйел (по переписи 2001 ж.).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]