Бернадетт Ширак
Бернадетт Ширак Bernadette Chirac | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
17 мамыр 1995 жыл — 16 мамыр 2007 жыл | |||
Ізашары | Даниэль Миттеран | ||
Ізбасары | Сесилия Сиганер-Альбенис | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 18 мамыр 1933 (91 жас) Франция, Париж | ||
Жұбайы | Жак Ширак | ||
Балалары | Лоранс Ширак (1958-2016) Клод Ширак Ань-Дао Траксель | ||
өңдеу |
Бернадетт Ширак (фр. Bernadette Chirac) – Францияның 22-ші президенті Жак Ширактың жұбайы.
Өмірбаян
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бернадетт Шодрон де Курсель 1933 жылы 18 мамырда Парижде дүниеге келді. 1939 жылы оның әкесі әскерге шақырылып, Үшінші рейхпен шайқаста тұтқынға алынды. 1940 жылы маусымда Бернадетт анасымен бірге Парижден кетіп, Францияның оңтүстік-батысында орналасқан Ло және Гароннн департаментіне аттанады. 1943 жылы олар қайтадан көшеді, бұл жолы Луаре департаментіне. 1945 жылы әкесі неміс тұтқынынан үйге оралып, олар Парижге қайтады. 1946 жылы Бернадеттің сіңлісі – Катрин, ал 1948 жылы іңісі - Жером дүниеге келеді. Орта мектепті аяқтағанан кейін, Бернадетт Париждегі Саясат зерттеулерінің Институтына түсті. Сол жерде ол өзінің болашақ жарымен – Жак Ширакпен танысады. Неке тойы 16 наурызда 1956 жылы өтті. Бернадетт Ширак саясатпен айналысты және сериалдардағы бірнеше эпизодтық рөлдерді сомдады. 2004 жылы мамырда Мәскеуде Людмила Путинамен кездесу ұйымдастырды.
Отбасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Некеде Бернадетт екі қызды дүниеге әкелді: Лоранс (1958 жылы туылды) және Клод (1962 жылы туылды). 1979 жылы Бернадетт және Жак Оңтүстік Вьетнамнан Ань-Дао Траксель атты қызды асырап алады. Лоранс Ширак өмірінің үлкен бөлігінде анорексиямен ауырды және өзін-өзі мерт қылуға тырысқан. Ол 2016 жылы 15 сәуірде жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Клод Ширак әкесінің кеңесшісі болып жұмыс істеді, француз дзюдоисті Тьерри Ремен неке құрған, ұлы – Мартен Ре-Ширак бар.