Ашурнасирпал II
Ashurnasirpal II | |
---|---|
Assyrian | |
Ashurnasirpal II, with Akkadian cuneiform inscription | |
Билеген | 883 - 859 BC |
Ізашары | Tukulti-Ninurta II |
Ізбасары | Shalmaneser III |
Father | Tukulti-Ninurta II |
Ашурнасирпал II , Ашурнасипал (Ashurnasіrpal), Ашшур-нацирапал ІІ (біздің заманымыздан бұрын 9 ғасыр) — Ассирия патшасы (біздің заманымыздан бұрын 883/84 — 858/59). Алдыңғы [Азия] тұрғындарын қанға бөктірген қатал патша болған. Әсіресе, ел ішінен бүлік шығарғандарды аяусыз қырған. Патшалығының алғашқы жеті жылы жемісті болды. Ашурнасирпал бұрынғы патша Тиглатпаласар І тұсындағы Ассирия шекарасын қалпына келтірді, мемл-тің түпкілікті жері мен жаулап алынған елдерді аймақтарға бөлді. Қираған Нимруд, Ашшур, Ниневия, Кальха қалаларын қайта көтерді. Ашурнасирпал заманындағы тасқа қашалған жазуларда сипатталғандай, ол басып алған елдерінен қыруар алтын, күміс, мыс, қорғасын, түйе, жылқы, қой мен ешкі, сиыр, жүн, мата, асыл металдар мен жақсы ағаштардан жасалған жиһаздар алып, тұрғындардың көбісін құлдар мен күңдерге айналдырды. Ашшур сарбаздары өздері шапқан елдердің тамтығын қалдырмай тонады. Бағынбағандардың басын шауып, зорлыққа көнгендерді барлық мал-мүлкімен Ассирияға көшірді. Бұл елдің тұрғындары салықтың ең ауыр түрлерінің тауқыметін тартты. Ассириядан шалғай мемл-тер мен Ашурнасирпал әскерлерінің жорық жолында жатқан елдер көп алым төледі. Алым-салықтың бәрі патша мен оның сарайындағыларды байытты. Әскери маңызы бар мекендердің бәрінде дерлік қамал салынып, олардағы бүкіл әскерді бағынышты елдер асырады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |