Мазмұнға өту

Астық тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Астық тұқымдасы
Қазбалық ауқымы: Late Cretaceous - recent, 66–0 Ma
Бидай
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Poaceae
Barnhart
Үлгілік тегі
Poa
Карл Линней
Кіші тұқымдастары

Астық тұқымдасы, қоңырбастылар (лат. Poaceae) – дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мысалы, қант қамысы, жүгері, т.б.). Сабақтарының ұзындығы 1 – 2 см-ден 30 – 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0,5 мм-ден 20 – 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары – жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан – шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі – бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мысалы, бидайық, айрауық, қамыс, т.б.). Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мысалы, арпабас, сұлыбас). Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мысалы, бетеге, қау, селдірек). Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасының дәнді (мысалы: бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т.б.), мал азықтық түрлері де (мысалы, шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т.б.), арамшөптері де (мысалы, қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық, т.б.) кездеседі. Астық тұқымдастары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады. Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді.[1]

Астық тұқымдастар - бағалы азықтық өсімдіктер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бүкіл ғаламшарға таралған маңызды дақылдар - даражарнақтылар класына жататын астық тұқымдас өсімдіктер (10-сызбанұсқа). Олардың 10 000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі өседі. Астық тұқымдастардың басым бөлігі шөптекті өсімдіктер. Сүректі бамбуктар астық тұқымдастар тобына жатады. Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді. Бунақтар аралығы қуыс (кейбіреуінде қуыс іші өзекке толады). Астық тұқымдас өсімдіктердің сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкелі, сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ негізі өсімдік сабағын қармал, қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ. Олар жинақталып, күрделі гүлшоғыр түзеді. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, шашақ және т. б. Гүлдері көбінесе қосжынысты. Дара жынысты гүлдер тек жүгеріде болады. Гүл негізінде 2 (кейде 3) түссіз жұқа қабыршақ және 2 гүл үлпегі орналасады. Оны гүлсерік нышаны десе де болады. Аталығы - 3. Аналығы - 1. Жеміс жапырақшасы 3-еу болып келеді. Аналық аузы қауырсын тәрізді - екі телімді. Жатыны жоғары орналасады. Жемісі - дәнек. Тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Гж2А3Ж(3) (Гж - гүлжарғақ). Гүлжарғақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ. Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Бидай, күріш, жүгері, қант қамысы, өзге де өздеріңе таныс өсімдіктерді адам тағамға пайдаланады. Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарбақ, арпабастардың мал- азықтық өсімдіктер екені мәлім. Бамбук, қамыс қағаз өндіруге шикізат ретінде пайдаланылады. Сүректі астық тұқымдастар (бамбук, алып сұрекқамыс) құрылыс материалы ретінде жүмсалады . Қара сұлы, жатаған бидайық, арпабас, қонақ, итқонақтың кейбір түрлері - шектен шыққан арамшөптер.

Сабансабағы сүректеніп кеткен астық тұқым дастар бар. Оңтүстік Америка да өсетін бамбуктың биіктігі 30 м, сабағының жуандығы 20 ем болады. Оңтүстік Азияда өсетін алып сүрекқамыс 40 метрге дейінгі биіктікте есе алады. Бұлардың сапасы ағаштан кем түспейді.

Екпе күріш

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Екпе күріш - биіктігі 50-150 сантиметрге дейін жететін біржылдық өсімдік . Сабағы түптеніп өседі. Жасыл, күлгін немесе қызғылтым жапырағының ұзындығы 50 ем, ені 1 ем болады. Гүлшоғыры - ұзындығы 10-40 ем көп масақты сыпыртқыгүл. Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсаеацта бір ғана гүл болады. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді. Оның төменгі бөлігінде көбінесе қылтанақ байқалады. Күріштің аталығы 6-ау. Дәнегі - жұқа қабықшалы. Гүл формуласы: Гс2А3+3Ж(3) Күріш - жылуды, ылғалды, жарықты және құнарлы топырақты сүйетін дақыл. Өсімді мерзімі 90-165 күнге созылады. Тұқымы +10-12оС-де өне бастайды. Сәл суық түссе, өркендері тіршілігін тоқтатады. Күріш сула өседі. Тұқымы себіле салысымен күріш егістігіне су жіберіп, топырақты суға қандырады. Өркендер көктеп шыққаннан кейін су деңгейі күріш сабағының төрттен үш биіктігіне дейін жеткізіледі. Суды дәнегі қамырланған кезде ғана ағызып жібереді. Сөйтіп егістік құрғатылады. Күріш топырағы тыңайтылған ауыспалы егістікте өсіріледі. Оның тамыр жүйесі нашар дамыған, кенеулі заттар болмаса, жеткілікті қоректене алмайды. Екпе күріш - азықтық дақыл. Дәнегінде 9-12% нәруыз, 65-70% көмірсу және 4-6% май болады. Күріш дәні ботқа, палау жасауға пайдаланылады. Күріш нәруызы ағзаға өте сіңімді. Күріш қайнатпасы - асқазан ауруына қолданылатын тамаша дәрі. Күріштей алынатын өнімдер де (ұн, крахмал) мол. Күріштің дәнегінен сабын мен шырақ дайындау үшін май алынады. Ал сабансабағы жоғары іріктемелі қағаз жасауға жұмсалады. Сабаны, дән жармасы, кебегі - малға азық.

Күрішті Оңтүстік-Батыс Азияның тропиктік елдері алғаш мәдени дақылға айналдырды. Үндістанда, Қытайда, Үндіқытайда 4-5 мың жыл бұрын күріш егілгендігі туралы деректер бар.

Ғаламшарымызда күріш 140,8 млн гектар аумаққа егіл еді. Дүниежүзілік диқаншылықта әр гектар дай 24 ц күріш түсімі алынатыны мәлім. Қазақстан бұл межеден асып түсті. Қызыл ор да облысы Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі Ы. Жақаев дүниежүзілік рекорд жасады.

Екі мәрте Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ыбырай Жақаев әр гектардан 174 центнерден күріш алды. Қазір де елімізде күріш өсіруге мемлекетіміз ерекше назар аударуда.

Бидай, тары, сұлы, арпа - біржылдық азықтық өсімдіктер. Сұлы негізінен малазықтық өсімдік ретінде пайдаланылады.

Бидайдың тамыр жүйесі - шашақ тамырлы. Бидайдың сабансабақтарынан түптенеді. Мұның шаруашылық үшін маңызы зор. Масақшалардан күрделі масақ түзіледі. Бидайдың гүлшоғыры - күрделі масақ. Бидай өзін-өзі тозаңдандырады. Жемісі - дәнек.

Сүлының гүлшоғыры - сыпыртқы гүл, ал тарының гүлшоғыры - масақ тәрізді сыпыртқыгүл. Шығанақ Берсиев әйгілі тары өсіруші болған. Ол тарының әр гектарынан 165-175 центнерге дейін түсім жинады .

Құмай - астық тұқымдас біржылдық өсімдік . Сабағының биіктігі - 100-300 м. Сабағы өзегі толық, мықты, қалың өскен. Жапырағы жалпақ, сырты балауызды өңезбен қапталған. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл. Сыпыртқыгүлінің пішіні әр түрлі: тік өскен, имек басты болады. Кейбір сыпыртқыгүлдері тармақты, қымқырылған, жинақы болып келеді. Құмай (сорго) - азықтық, малазықтық және техникалық өсімдік. Оның отаны - Африка. Бұдан 5 мың жылдан астам бұрын құмайды баптал, өсірген. Құмай - жылу сүйгіш, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді өсімдік.

Астық тұқымдас даражарнақты өсімдіктерге сабағы бунақталған, іші қуыс (кейбіреуінің қуысына өзек толған), шөптекті, сүректі өсімдіктер жатады. Олардың сабағын сабансабақ дейді. Жапырақтары қатар жүйкеле сабаққа кезектесіп орналасады.

Жапырақ негізінен қынап түзеді. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады. Гүлдері ұсақ. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл, күрделі масақ, собық, күрделі гүлшоғыр.

Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер (мысалы, бидай, күріш, жүгері, тары, т. б.). Жемісі - дәнек, тамыры - шашақтамырлы.

Атқонақ, бетеге, тарғақ - малазықтық өсімдіктер. Бамбук, қамыс қағаз өндіретін шикізат ретінде (құрылысқа) пайдаланылады. Қара сұлы, арпабас, қонақ, жатаған, бидайық тәрізді қауіпті арамшөптер де бар. Астық тұқымдастар — біржылдық немесе көпжылдық өсімдіктер[2]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы I том
  2. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0