Апоцентр және перицентр
Перицентр и апоцентр (көне грекше: περί «пери» — қасында, көне грекше: από «апо» — қашықтағандықты білдіреді, лат. centrum — орталық) — астрономиялық дененің орбитасының сол дененің центрінен ең жақын және ең қашық нүктелері.
«Центр» деген сөздің орнына әр астрономиялық денеде өзіне сәйкес атаулары қолданады. Мысалы, гелиос — Күн, гея — Жер, астра — Жұлдыз т.б.
Сондай-ақ, Ай жасанды серігінің орбитасының Ай центрінен ең жақын нүктесін периселений, ал ең қашық нүктесін апоселений деп атайды.
Күн төңірегінде айналатын ғаламшарлардың, астероидтардың, кометалардың апоцентрі мен перицентрін - апогелий мен перигелий деп атайды.
Шолпанның орбаталарындағыларды - перигесперий мен апогесперий дейді.
Жұлдыздардың төңірегіндегі орбиталырының нүктелері - периастр мен апоастр деп аталады.
Апоцентр тек эллипс тәрізді орбиталарда болады. Парабола немесе гипербола тәрізді орбиталарда тек перицентр болады.
Астрономиялық дене | Перицентрі | Апоцентрі |
---|---|---|
General | Periapsis/Pericenter | Apoapsis/Apocenter |
Галактика | Перигалактика[1] | Апогалактика |
Жұлдыз | Периастр | Апоастр |
Күн | Перигелий | Апогелий |
Меркурий | Перигермион | Апогермион |
Шолпан | Перигесперий | Апогесперий |
Жер | Перигей | Апогей |
Ай | Периселений | Апоселенй |
Марс | Периарион | Апоарион |
Юпитер | Перизен | Апозен |
Сатурн | Перисатурн | Апосатурн |
Уран | Периуран | Апоуран |
Нептун | Перипосейдон | Апопосейдон |
Перигелий мен апогелий
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кестеде ғаламшарлардың Күн төңірегіндегі орбиталарының перицентрлері мен апоцентрлері берілген[2]:
Ғаламшар | Перигелий дистанциясы | Апогелий дистанциясы |
---|---|---|
Меркурий | 46001009 км | 69817445 км |
Шолпан | 107476170 км | 108942780 км |
Жер | 147098291 км | 152098233 км |
Марс | 206655215 км | 249232432 км |
Юпитер | 740679835 км | 816001807 км |
Сатурн | 1349823615 км | 1503509229 км |
Уран | 2734998229 км | 3006318143 км |
Нептун | 4459753056 км | 4537039826 км |
Церера (астероидтар белбеуіндегі ергежейлі ғаламшар) | 380951528 км | 446428973 км |
Плутон | 4436756954 км | 7376124302 км |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ The Alchemy of the Heavens — Anchor Books, 1995. — ISBN 0-385-47214-5.
- ↑ NASA planetary comparison chart http://solarsystem.nasa.gov/planets/compchart.cfm Мұрағатталған 14 қаңтардың 2015 жылы.
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998